Сәнді түйреуішті тағу жолдары

Сәнді түйреуішті тағу жолдары
Фото: klimenkoelena.ru

Ұзақ уақыт бойы сәнді түйреуіштер ретро стильмен және "ескі" киім үлгісімен ғана үйлесімде болатын. Сондықтан да бұл әшекейді екінің бірі таға бермейтін. Алайда киім үлгісін сәнді түйреуішпен толықтыру трендке қайта оралды. Ендеше, сәнді әрі заманауи көріну үшін сәнді түйреуіштерді қалай және немен тағу керектігіне тоқталамыз. 

Алдымен сәнді түйреуішті тағу туралы түрлі ойлардан құтылыңыз. Бұл әшекейді тағып шығу үшін 40-шы немесе 50-шы жылдар стилінде киіну міндетті емес. Биылғы сән бойынша, сәнді түйреуіштерді классикалық пальтомен және туфлимен бірге тақпайды, керісінше mom jeans шалбарымен, бомбер күртемен және кроссовкамен тағады. 

Сәнді түйреуіштерді күнделікті киіммен қатар, кешкі көйлектермен де үйлестіріп тағуға болады. Мысалы, кешкі комбинезон немесе қара көйлек. 

Сәнді түйреуіштерді тағудың тағы бір әдісі  шалбарға және клатч-сөмкеге бекіту. 

Биылғы трендте сәнді түйреуішті тағудың бір жолы  әшекейді жейде немесе көйлек жағасының ортасына бекіту. Осылай тағу кез келген киім үлгісіне ерекше сән береді. Оны қандай киім үлгісімен болса да үйлестіруге болады. 

А. Жапатова