Көктемгі сән-2016: Сөмке #2

Көктемгі сән-2016: Сөмке #2
Фото: Айкөркем Қуатова

Өзін сөмкесіз елестете алмайтын, ішінде қажетті ешнәрсе болмаса да сөмкесін қолынан тастағысы келмейтін арулар бар. Аксессуарлар бөлімінен бір мезгілге арналған бірнеше сөмке табылатын бойжеткендерді көктем мезгілі жеткенде қандай сөмке сәнге енді екен деген сұрақ қызықтырары сөзсіз.

БАСЫ

Бұрын сөмке түсін аяқ киім, белбеу, әшекей бұйымдарымен сәйкестендіріп таңдаймыз да, киім түсімен бірдей сөмкені ерсі көретін едік. Қазір киіммен түстес қана емес, дәл киімдегі принттер де сөмкеде қайталануы сәнге айналды.

Сыртқа шыққанда өзіңізбен ұялы телефон, ақша секілді кішкене нәрселерден өзге ештеңе алмайтын болсаңыз, суреттегідей кіп-кішкентай сөмке ұстаңыз. Сырт көзге өте сүйкімді көрінетін сөмкелер ұстауға да ыңғайлы, жеңіл.

Мынадай да сөмкелер болады екен. Осы секілді әлдененің бейнесінде жасалған, көрер көзге ерекше, күлкілі сөмке ұстап жүрген кісі көрсеңіз таңғалмағыз. Сән дамып келіп, осыған тірелді.

Ал сөмке ішіне салар нәрсеңіз көп болса, дорба секілді үлкен сөмке арқалаудан қысылмаңыз. Бұл да сәнді сөмкелер қатарын құрайды. Жағалауға барғанда, көп киім сатып алуға шыққанда қосымша қалташа ұстағысы келмейтіндер үшін таптырмас шешім.

Шабадан секілді төртбұрышты түрлері де әдемі көрінеді. 

Ал шабадан секілді, дорба секілді сөмкелерге түрлі өрнектер салынған болса, тіптен әдемі әрі сәнді.

Қазақ қыздары үшін қазақи ою-өрнекпен әрленген бұйымдар әрдайым сәнде. Көпшілігі үшін, тіпті, қазақы нақыштағы бұйымдар бірінші орында.

Ал сіз қандай сөмкені таңдар едіңіз?

@. @assel_assanova