Көктемгі сән-2016: Аthleisure стилі

Көктемгі сән-2016: Аthleisure стилі
Фото: fotokto.ru

Спорттық киімдер мен спорттық аяқ киімдерді үйлестіріп киетін street style үлгісін күнделікті көріп жүрміз. Енді бұл трендтің ресми атауы бар. Ол аthleisure (athletic – спорттық және leisure – бос уақыт) деп аталады. 

Аthleisure тренді − күнделікті өмірде спорттық киімдерді қолдану. Яғни, спорттық шалбар және жейдені кроссовкалармен де өкшесі бар туфлилермен де кие береді.

Мұндай стиль қарапайым көрінгенімен, ескере кететін бірнеше ережелері бар:

- Базалық киімдерден, мысалы, қара майка мен қара жұқа трикодан бастаңыз;

- Спорттық сөмкенің орнына шағын рюкзак немесе кроссовка емес, өкшесі бар аяқ киім кисеңіз, шағын клатч таңдаңыз;

-  Кроссовканың түсі ақ немесе қара болғаны жөн;

- Аthleisure стиліндегі киім үлгісін толықтыру үшін, сыртынан джинс күртесін немесе пальто киіңіз;

- Бірнеше аксессуар, мысалы, күннен қорғайтын көзілдірік және білезік қосыңыз. Мұндай әдіс спорттық киім үлгісін күнделікті киімге үйлестіреді.

Аthleisure стиліндегі киім үлгісін жасау үшін үстімізге толықтай спорттық киім кию міндетті емес. Бір ғана спорттық майка киіп, оны қарындаш-белдемшемен үйлестіріп, аяғыңызға өкшесі бар туфли немесе ақ кроссовка кию арқылы аthleisure стилін құрастырып алсаңыз болады. Өзіңіздің киім үлгісіне тәжірибе жасап, аthleisure стилін қосып, жаңа образ шығарыңыз. Мүмкін осы жаңа стиль жаныңызға жақын болады.

А. Жапатова