Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Жасына қарай киіну стилі

Жасына қарай киіну стилі

Жасына қарай киіну стилі

Жас ұлғайған сайын әйелдер қауымының киімге ғана емес, өмірге де кзқарасы өзгере береді. Өмірдегі бағалы дүниелер мен қадірлейтін қасиеттерді түсіне бастайды. Сән қууы да басылады. Тіпті 30-дан асқан кейбір әйелдер талғамсыз киіне бастайды екен.

14-20 жас аралығы

Өмірде өз ойын, өз стилін іздейтін уақыт. Бұл жаста өзіне ұнағанын киіп, кез келген стильмен екінші бір стилдегі киімді «құрастырып» кие береді. Сәнді трендтердің көрінісін бір киінгенде көрсеткісі келеді. «Сәнге айналған» алқаны мойнына асып алып, аяғына ашық түсті не тізеге дейін шұлық киюі де мүмкін.

20-25 жас аралығы

Бұл жаста өзіндік бағытты тауып не әлі де жетілу кезеңінде болады. Көптеген қыздар классикалық костюмдер киіп, өз жасынан әлдеқайда үлкен көрінуі мүмкін. Жерге дейін төгіліп тұратын ұзындықтан тым қысқа белдемшелердің барлық түрін кие береді. Дәл осы жас аралығындағы қыздар сапалы косметика, киім мен ароматтарды тани бастайды. Сәнде болып жатқан әлемдік жаңалықтардан да хабардар болып жүреді. Әркімнің киіну стилі әр түрлі болады.

25-30 жас аралығы

Ақыл тоқтата бастаған жас. Бұл жастағылар шашын күнде бұйралап, қызғылт түсті барынша аз қолдануға тырысады. Қыздар жас келіншек болады. Әйелге тән нәзіктік орнап, арзан әшекейлердің орнын бағалы алтын, гаухарлар басады. Алдында айшықталған мақсаттары — отбасылық өмір, карьера болады. Бұл жастағы киіну стилі классикалық үлгіде болады.

30-40 жас аралығы

Ақыл тоқтатқан әйел, ана. Өз мүсінінің кемшіліктерін жақсы біледі, соған қарай киім таңдай алады. Киімдері түгелдей классикалық үлгіде болады және романтизмнен де біраз белгілер қосылады. Сапаға қатты мән беріп, тек сапалы киім, сапалы аяқ киім, сапалы әшекейді таңдайды.

40-50 жас аралығы

Бұл жаста әйел уақыттың тез өтіп жатқанын байқап, жас күнін жиі аңсайды. Шашын бұрынғысынша жайып жүрмей, иықтан түсірмей, қысқа етіп кеседі. Биік аяқ киім кигенге қарағанда жайлысын таңдағанды жөн көреді. Қымбат көрінетін, үлкен тастармен көмкерілген әшекей тағады. Боянуы бұрынғыдай көзге ұрып тұратындай емес, білінер-білінбес боп өзгереді. Киімдерінің түсі күңгірт түске ауыса бастайды. Өз жасының киімі қалай болу керек екенін, үлгі көрсету керек екенін анық біледі.

Дерек көзі: aikarakoz.kz

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Серик Байбульсинов
Қосылған күні: 31 қазан 2015, 17:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.