Шаш сәні: Флэш-тату

Шаш сәні: Флэш-тату
Фото: Татьяна Аберле

Әдетте татуировканы қыздар беліне немесе иықтарына салдырып жатады. Психолог және дәрігер мамандар оның ұсқынсыз әрі денсаулыққа зиян екенін айтады. Бірақ шашқа арналған флэш-татудың зиянды әсері жоқ.

Оны дәл қазір және келер жылдың көктем-жаз маусымында тағуға болады. Өндірушілердің сөзіне сенсек, мұндай татуировкалар шашты жұмсартып, оны тіктейді екен. Әрине, бірден он шақтысын сатып алудың қажеті жоқ, бір-екеуін алып, сынап көруге болатын сияқты.

Шаштағы алтын мен күміс — жыл сәні. Оны соңғы 2 жылда шаш сәнін жарнамалап жүрген Кайли Дженнердің суреттерінен көруге болады.

Флэш-татуды қалай қолданамыз?

1. Жапсырманы суретін төмен қаратып ұстаймыз.

2. Оны шашқа жақындатып, үстінен ылғалды мақтамен сүртеміз.

3. Қағазды алып тастаймыз.

4. Шаштағы ерекше татуировкаңыз дайын!

Қ. Бүйенбай