2015-2016 жылы күз-қыс мезгілінде сәнде болатын түстер

2015-2016 жылы күз-қыс мезгілінде сәнде болатын түстер
Фото: www.mia-donna.ru

Адам ақпараттың жартысынан көбін көзбен көру арқылы алады. Көзіне іліккен түстері көңіл-күйіне әсер етеді. Киім түсі де сондай маңызды рөл атқарады. Адамдар киім дүкеніне барғанда бірі өзіне ұнаған түске жалт бұрылса, енді бірі сол сәттегі сәннің түсіне баса назар аударады.

Солғын шөп түсі не зәйтүн түсі. Жаздың аяқталғанынан хабар беретін бұл түс осы күздің басты сәні.

Шатыраш (шалфей) түсі. Салқындық пен байыптылық танытатын бұл түс қарапайымдылығымен де ерекшеленеді. Сондықтан да киімнің тігісі мен үлгісіне көбірек назар аудартады.

Теңіз дауылы. Дауыл тұрып, жаңбыр жауған кездегі теңіздің көкшіл-сұрғылтым түсі кербездік пен байсалдылықты бейнелейді. Классикалық және салтанатты стильдегі киімдер осы түсте таңдалса өте керемет үйлеседі.

Сары емен. Күзгі күн түсінен айырмашылығы – жылулық бергенімен, жарқыраған ашық түс емес. Әйтсе де, көптеген адамға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай алады.

Марсала. Қызыл шарап түстес бұл рең салмақтылық пен тұрақтылықты бедерлейді. Қара түспен, қою түстермен сәйкестендіріп кисе, тым тартымды көрінбек.

Жалғасы бар...

@. @assel_assanova