1 курс студентіне: Алғашқы күні не киіп барамын? #2 (қыздарға)

1 курс студентіне: Алғашқы күні не киіп барамын? #2 (қыздарға)
Фото: blogspot.com

Өткен материалымызда бірінші курс студентінің оқуға не киіп бармауы керек екенін жазған болатынбыз. Енді бірінші күні қалай киініп баруға болатынын баяндаймыз.

Студентке жарасымды стильдердің көшбасшысы - Smart Casual стилі. Осы стильдегі киім үлгілеріне назар салыңыз:

Сұр жакетті ақ түсті топпен үйлестіруіңізге болады. Суреттегідей белі жоғары орналасқан skinny шалбары образды толықтырады. Классикалық стиль мен көше трендінің тоғысы смарт кэжуал стилінің элементтеріне сай келеді. Сөмкеңіздің түсі суреттегідей аяқ киім түсімен бірдей болуы міндет емес екенін ұмытпаңыз. 

Мектеп формасына ұқсас бұл белдемше кез келген аруды нәзік етіп көрсетеді. Оны өкшесі жоқ ботильон не бәтеңкемен үйлестіруіңізге болады. Өткен жылдардың сәні − деним жакеті биыл да трендтен қалар емес. Жакет ішінен ақ, ақшыл, қоңыр, көк не қара түсті блуза киюіңізге болады. Бірінші мен екінші суреттерде көлемді сөмкенің екі түрі ұсынылған. Бірі ағылшын стилінде тігілген былғары сөмке болса, екіншісі animal үлгісіндегі күдері сөмке. Қай-қайсысы болсын биыл студенттерге арнап көлемді сөмкенің түрі көптеп тігілді.

Классикалық қара жакетті джинс шалбарымен үйлестіруге болады. Ақ блузаның орнына көк, көгілдір, сары не қою қызыл түсті блуза киюге болады.

Ал сіз бірінші күні киіп баратын киіміңізді дайындадыңыз ба?

Ф. Абилова