Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / "Әлем аруы-2012" байқауына қазақстандық Евгения Клишина қатысады

"Әлем аруы-2012" байқауына қазақстандық Евгения Клишина қатысады

Қазақстандық вице-мисс Евгения Клишина «Әлем аруы» байқауына ұлттық көйлекпен барады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Көйлекті жас дизайнер Арсен Әлімжанов тіккен және ол оның ресми өкілі болып табылады. «Біздің көйлегіміз ақ-көк гаммада жасалған. Корсет гаухар тастармен көмкерілген. Белдемшесі кең, 20 қабат тордан тұрады. Ал ұлттық оюлармен көркемделген күміс диадема образды толыққанды етіп тұратын болады» - деді модельер. Қазақстандық арудың екінші көйлегі ашық қызыл кешкі көйлек. «Ол гипюрден тігіліп, Swarovski тастарымен көмкерілген. «Құмсағат» бейнесінде жасалған» - деп қосты Әлімжанов.



25 жасар Клишина "Әлем аруына" арнайы нөмір дайындап барады. "Ол "Күн мен түн. Жақсылық пен жамандық" атты балет элементтері қосылған би дайындап бармақ. Байқауға 2,5 ай дайындалдық. Евгения арнайы шақырылған ұстаздармен күніне бірнеше сағат биге дайындалды", - деп қосты өкілі.

"Қатты толқып жүргендіктен түнде ұйықтай алмаймын. Қазір күн тәртібім тығыз. Бірақ биік дәрежедегі байқауда Қазақстанның абыройын қорғауды маған тапсырғанына өте қуаныштымын. Менің ең басты мақсатым – өз елімді абыроймен көрсете алсам деймін. Мен Қазақстанды дамып келе жатқан, заманауи ел ретінде көрсеткім келеді", - деді Қазақстанның бірінші вице-мисі.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша 62-ші "Әлем аруы-2012" байқауының ашылу салтанаты 24 шілде күні Ішкі Моңғолияның (Солтүстік Қытайдағы автономиялық аудан) Ордос қаласында өтеді. Финал 18 тамызда деп жоспарланып отыр. Байқауға әр елден 120 қыз қатыспақшы.

Айта кетейік, былтыр «Әлем аруы» байқауында қазақстандық Жанна Жұмалиева "Үздік топ-модель" атағына ие болды және де әр елден қатысқан 122 қыздың ішінде ең әдемі Топ-15 қыздың арасына кірген еді.

Суреттер: tengrinews.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

6008 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 19 шілде 2012, 14:30
Пікірлер
+0
19 шілде 2012, 14:42

жеңіс тілеміз :!: :!: :!: :D

+0
19 шілде 2012, 14:43

жеңіс тілейміз :!: :!: :!: :D

+0
19 шілде 2012, 15:27

Көреді да енді бағына жазғанын :roll:

+0
19 шілде 2012, 15:49

Көйлегінде ұлттық элементтер болғанымен қазақ көйлек деуге келмес.

+0
19 шілде 2012, 16:58

Қазақстанның атынан бара жатқаннан кейін өзимиздин қара көз қазақтың қызын жиберу керек еди. Ертең Ресейдің де атынна дәл осындай орыс қызы шығады, сонда қазақ, орыс бир туған деймиз бе аділқазылар алқасына?!

+0
21 шілде 2012, 12:03

Әлем аруы-2012" байқауына қазақстандық Пангереева Жансая қатысады 8-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...