Өкшесі алынатын туфлилер

Өкшесі алынатын туфлилер
Фото: Асылбек Creativemoments, takprosto.cc

Кейде қатты шаршаған кезде, аяқ киімімізді шешіп, үйге жалаң аяқ барғымыз келеді. Ыңғайлы деген биік өкшелі аяқ киімнің өзі шаршатып, омыртқаны ауыртады. Бойжеткендер мінсіз болып көріну үшін барлығына дайын. Алайда оңтайлы шешім тұрған кезде, денсаулығымызға зиян келтірудің қажеті қанша?

Дизайнер Таня Хит биік өкшелі аяқ киімдерді жақсы көретін аруларға арналған туфли ойлап тапты. Өкшесін қалаған уақытыңызда алып тастауға болатындықтан, енді аяқтарыңыз кез келген уақытта демалады. Таня Хит жасап шығарған туфлидің 8,5 см-лік өкшесін де алып тастай аласыз. Мұны ғасыр жетістігі деп атауға болатын шығар.

1. Түрлі түсті өкшелерді кез келген киіммен үйлестіре аласыз.

2. Өкше арнайы ілмектің көмегімен бекітіледі. Оның 4,5-8,5 см биіктіктегі түрлері бар.

3. Аяқ киімді жасау барысында memory foam технологиясын пайдаланған. Аталған технология салмақтың аяққа біркелкі түсуін қамтамасыз етеді. Сол себепті аяғыңыздың саулығына бола алаңдамаңыз.

4. Бағасы 25-тен 500 еуроға дейін жетеді. Алайда сапасы бағасына лайық.

Дизайнерлерден тағы не күтеміз? Бойжеткендер сөмкесін ашқан кезде, бірден жарық жанатындай түрін ойлап табулары да ғажап емес. Алайда бұл аяқ киімдердің орны ерекше.

Қ. Бүйенбай