Алматыда Mercedes-Benz Fashion Week сән апталығы басталды

Алматыда Mercedes-Benz Fashion Week сән апталығы басталды

24-26 сәуір аралығында Алматы қаласының "Атакент" көрме орталығында Mercedes-Benz Fashion Week сән апталығының үшінші маусымы өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шараның басты міндеті - отандық дизайнерлердің жұмысын елге танытып, халықаралық деңгейге жеткізіп, бағалауға мүмкіндік беру. 

Бұл апталықта Mechanical Piano, Aigul’ Kassymova, Leonid Zherebtsov, BĀXIER, YANALUNU, Tolegen, Andrea (Италия), Dinara Nurlan, PENTATONICA, Aka Nanita, Аnna K, Masterpeace, Rolly Polly, OTTЕПЕЛЬ, De Guise, INK, Khan Kuchum, Argentum сынды брендттер өз топтамаларымен таныстырады.

Күзде өткен Mercedes-Benz Fashion Week сән апталығында жас дизайнерлер өз өнерлерін алғаш рет үлкен подиумға шығарып, бағалану мүмкіндігіне ие болған еді.

Бұл маусымда сән апталығы "Тоқта, меланома!" ұранымен өткелі жатыр. Апталық онкологиялық ауруларды бастапқы кезеңінде емдеу мүмкіндігіне қоғамның назарын аудартуды көздеп отыр. Бұл идеяны қолдау ретінде алдағы күндері Массагет сайтының тілшілері бірнеше топтама үлгісін ұсынады.

Сурет: Massaget.kz

Ф. Абилова