Парижде алмалы-салмалы биік өкше таныстырылды

Парижде алмалы-салмалы биік өкше таныстырылды

Парижде дизайнер Таня Хит алмалы-салмалы биік өкшені ел назарына ұсынды. Tanya Heath брендінің ерекшелігі – өздеріңіз байқағандай, бір аяқ киімнің әрі аласа, әрі биік өкшелі бола алатынында. Туфлидің ірі биік өкшесі жетпісінші жылдардың стилінде жасалған, нәзік өкшелі аяқ киім өкшесін алып тастағанда, балеткаға айналып шыға келеді. 

Ыңғайлы да бірегей аяқ киімді жасау идеясын Таня Хит екіқабат әйелдердің де биік өкшемен жүргенін көргеннен кейін іске асыруға кіріскен. "Парижге тоқсаныншы жылдардың басында қоныс аударғанымда, жұмысқа аласа аяқ киіммен келіп, биік өкшелі аяқ киімімді ауыстырып киіп алатынмын. Француз әйелдерінің бәрі дерлік биік өкшемен жүретін. Биік өкшені аяқтан тастамай киіп, екіқабат кезімде аяғыма зиян келтірдім" , - дейді дизайнер. 

Бұл аяқ киімді жұмысқа дейін өкшесін алып тастап киіп келіп, жұмыста өкшесін қондырып киюге болады. Қыздар үшін таптырмайтын аяқ киімнің құны –  €300-400.

Сурет: lady.tochka.net

Ұқсас жазба:

Әлемдегі ең қымбат аяқ киім

М. Оңғарова