Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Ерлердің шаш сәні - 2012

Ерлердің шаш сәні - 2012

Ерлердің шаш сәні - 2012

Заманауи жігіттің стилі костюм-шалбар, аяқ-киім не жақсы сағатқа ғана байланысты емес. Жалпы сәнді болу үшін шаш сәніңіз өзіңізге жарасымды, сәнге сай болуы керек. Алайда мәселенің шешімі шаштаразға барып, шашты дұрыс алдыру ғана емес, сонымен қатар оны күте білу, дұрыс жатқызу. Назарларыңызда 2012 жылдың ерлердің шаш сәні.

Жігіттің шаш сәні қыздардыкіндей емес, жиі өзгеріске ұшырамайды. Сондықтан 2012 жылғы ерлердің шаш сәні 2010, 2011 жылдардыкінің симбиозы болып келеді.

Шаш ұзындығы

Осы жылы не өте ұзын, не өте қысқа шаш сәндері ерекше сәнді. Екі нұсқа да көзге түсіп, көңіл аударады.

Қысқа шаш спортқа құмар, casual стилінде киінетін жігіттерге жарасады.

Ұзын шаш романтик не авантюрист жігіттерге ерекше жарасады. Айта кететін жайт: шашыңызды өсіруге бел бусаңыз, олардың сау, жұмсақ болғанын қадағалаңыз.

2012 трендтері

Осы жылы ер кісілерге арналған бірнеше шаш сәндерінің түрлері анықталды. Ретро стилі қайта танымалдыққа ие болған сияқты.

Өткен ғасырдың 20-30 жылдардағы студенттер мен кеңсе жұмыскерлерінің сүйікті шаш сәні - undercut қазір сәнге қайта енуде. Бұндай шаш сәні  қысқа және орташа шаштарға келеді. Шаш қырынан қысқа алынып, төбесінен ұзынырақ болады. Бұндай шаш сәні экстремалды "ирокез" де, қарапайым кеңселік шаш сәні де бола алады. Егер шашыңызды осылайша алсаңыз, түрлі гель мен мусстар шаш жатқызуға көмектеседі.

Брит-рок-инди

Брит-рок стилінің жігіттердің көңілінен шыққанына талай уақыт болды. Осы жылы ол өз орнын брит-рок-инди сәніне берді. Өткен ғасырдың 60 жылдары танымал болған этно-рок стиліндегі шаш сәнінің негізі төбедегі ұзын шаш, ал самайдағы шаш оған қарағанда қысқа болады. 

Толқынды шашқа самай мен желкеде шашты қысқа қылып алған жарасады. Осылайша артық көлемнен құтыласыз. 

Шашыңыз түзу болса, 50 жылдардағы "тедди-бойз" стиліндегі шаш сәні сізге ерекше жарасады. Төбедегі шашты ұзын қалдырып, қырларын кішкене қысқарақ алған бұл шаш сәнін жасағанда, кекілді оң не сол жаққа жатқызыңыз.

Сондай-ақ 60 жылдары танымал болған Beatles группасының әншілері стиліндегі шаш сәнін жасап көрсеңіз болады. Кекіл бір жаққа жатқызылып, қырлары түзу алынады.

Рокабилли

50 жылдарда өте танымал болған бұл шаш сәні 2012 жылдың ең сәнді трендіне айналды. Бұл шаш сәні көзге түсетін, ерекше болып көрінеді. Батыл жігіттерге арналған. 

Бір қарағанда қарапайым көрінетін шаш сәнін былайша істейді. Төбедегі шашты ұзын қалдырып, артын және қырын қысқа қылып алады. Бұл шаш сәніндегі бастысы - шашты дұрыс жатқызу. Ол үшін шашқа арналған мусс жағып, тарап қойыңыз.

Кекіл

Бұл маусымда жігіттің кекілі тым қысқа болмауы керек. Тым ұзын не орташа ұзындықты кекілді қалауыңызша жатқызсаңыз болады. Шаш түріне қарап, кекілді көзге түсірсе не артқа тарап қойса болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: menina.ru, fashiony.ru, joyfulthing.blogspot.com

2334 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 29 маусым 2012, 19:50
Пікірлер
+0
05 шілде 2012, 15:47

бесінші сурет ұнады :o

+0
08 шілде 2012, 15:52

2-ші сурет ұнады! :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев