Британдық әйел бетіне әжім түсірмеу үшін 40 жыл бойы күлмеген

Британдық әйел бетіне әжім түсірмеу үшін 40 жыл бойы күлмеген

50 жастағы Тесс Кристиан есімді британдық әйел бетіне әжім түсіріп алудан қорыққандықтан, 40 жыл бойы күлмеген. Тіпті ол қызын дүниеге алып келген кезде ішіндегі қуанышын сырт көзге еш білдірмепті. Мұны Тесс косметикалық мақсатта қолданылатын ботоксты пайдаланбау үшін жасаған.

Тесс Кристиан: "Менің бетімде әжім жоқ. Себебі мен бетімдегі бұлшық еттерді қалыпты күйде ұстай аламын", - дейді. 

Тесстың достары оны "Мона Лиза" деп атайды екен.

Сурет:www.mujereselsalvador.com

Н. Нұрмаханұлы