KFW: Аида Кауменова ертегілер әлеміне саяхат жасады

KFW: Аида Кауменова ертегілер әлеміне саяхат жасады

Аида Кауменова ұсынған топтаманың кейіпкері ертегі әлемінде жүргендей. Ақылына көркі сай, бойында балалық шаққа деген құштарлық бар. Нар тәуекелге барған сайын, джек-потқа ие болады.


Мысықтай иілгіш, қалағанын алып үйренген. Арманына қарай нық әрі сенімді қадамдар басады. Алдағы өмірін еш болжамай, жеңіл ойындай көреді.


Ол Қызыл телпек секілді тапқыш, қызыққұмар. Бір уақытта көпті көрген кісінің кейпіне енсе, енді бірде балаша ойнай жөнеледі. Бас кейіпкер әлемге тәуелді, ал әлем оның аяғының астында.

Арнайы massaget.kz үшін: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: massaget.kz

Қ. Бүйенбай