KFW: Отандық дизайнерлер көктем-жаз 2015 топтамасын ұсынды

KFW: Отандық дизайнерлер көктем-жаз 2015 топтамасын ұсынды

Алматы қаласында өтіп жатқан Қазақстан сән апталығының екінші күнінде отандық дизайнерлер өз топтамасын ұсынды, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

2015 жылдың көктем-жаз топтамаларын ұсынған Kazakhstan Fashion Week шарасының екінші күнінде подиумда Yerlan Zholdasbek, Avoli, Anthenna Clothing For Brosh, Bibotta, Poalen, Maligue, Damilya Zhumabek, Darya Shafenkova, Salle De Mode брендтері өз топтамаларымен таныстырды.

 
 
 
 
 
 
 
 

Дизайнерлер Ольга Ким мен Анна Легай ұсынған 2015 көктем-жаз топтамасында құпия сыр, ұлылық, бірегейлік бар.

Олар барлық 20 образға арналған матаны қолмен өңдеген. Мақта, сәтен, табиғи органза, трикотаж маталар Оңтүстік Корея мен Түркиядан сатылып алынған. Киім ассоциацияларында жылқыға тән мақсаттылық пен тазалық бар. Екі бағыттағы топтама өзгелерінен авангардты түрлі-түсті гаммасымен, матасының түрлілігімен ерекшеленеді. Уақытын қадір тұтатын әйелдерге арналған.


Дебютті топтамадағы «Casual» заманауи әйелге өз стилі мен кеңсе стилін синхрондауға мүмкіндік береді. Ал «Evening» атты екінші бағыт әр әйелдің өзіне ғана тән сұлулығын сақтайды. Көйлектер мен кеудешелер стразалармен өңделген. Бұл киімдер театрға, отбасылық мерекелерге, сүйіктіңізбен кездесуге киіп баруға арналған.

Ольга Ким Brosh аксессуарлар брендінің негізін қалаушы креативті дизайнер. Ол бірнеше жыл бойы Қазақсатн сән апталығына арналған бірегей әшекейлерді, шляпі мен кепкілерді ұсынған болатын, ендігі Анна Легаймен бірігіп, өз топтамасын таныстыратын уақыт келді.

Аталған өнімдер сәнді, сапаны, баға мен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

Бренд мақсаты – әр әйелге өз стилін табуға көмектесіп, тәуелсіздікке ұмтылдыру, әлеммен байланыста болуға көмектесу.

Bibotta

Бота Бақытжанқызы өзінің топтамасы туралы: «Дәл қазір тұла бойым жеңілдеп, сабырлы болып жүргенімді байқаймын. Музыка, белгілі бір адамдар, туған-туысқандарым, және өзге дүниелер маған шабыт сыйлайды. Олар қоғамға бағынбайды, олар еркін, олар музыкамен өмір сүреді, олар қарапайымдылықты ең жоғарғы деңгейге көтереді, олар – YOURGSTERZ.

Топтамада минимализ, спорт-шик, ассиметрия ақ-қара, күлгін түстерде көрініс тапқан. Ал маталардан мақта мен трикотаж пайдаланылған.

Damilya Zhumabek «Denim.KZ» көктем-жаз 2015 топтамасында байырғы дәстүрлер мен ХХІ ғасырдың жаңашылдығы көрініс тапқан. Ою-өрнектер pret-a-porta бағытын безендіреді. Топтамада қарындаш белдемше, джинсы, күртелер, шалбарлар, тік жабындылы көйлектер мен сюртук бар. Мұнымен қатар әрқайсысына арналған киізден жасалған сөмке, түймелерден жасалған моншақ жасалған.

«Denim.KZ» - барлық уақыттың дәстүрін қадірлеуге арналған топтама.

Darya Shafenkova - көйлек дизайнері. Топтама тек бір ғана данада тігілетін киімдерді ұнататын, нәзік талғамды, қымбат маталарды жөн көретін бойжеткендерге арналған.

Түн – барлық арманның орындалатын уақыты. Бастысы әрбір қыз осыған дайын болуы керек.

Darya Shafenkova ұсынған киімді киген әр қыз кез келген шыңды бағындыра алады.

Киімдер негізінен жібек және сәтен маталардан тігілген. Мұнымен қатар киімдер биссермен, ришельемен, қолөнер бұйымдарымен өңделген. Топтама 25 коктейль және кешкі көйлектен құралған.

Avoli

Айя Аволи жастайынан сәнге құмартып өскен. Қаржы саласында білім алса да, оқуды бітірген соң сән саласына араласуды жөн көреді. Осылайша оның сәнге деген махаббаты жалғасын табады. Айя көп уақыт бойы «Vintage» журналында fashion редактор болып жұмыс істейді. Сол жерде соңғы сән тенденцияларын талдайтын рубрикада оқырмандарымен өз ойымен бөліседі. Әйгілі британдық дизайнер Ричард Соргер сабақ берген Лондон сән мектебінде білім алады.

Екі баласын дүниеге әкелген соң небары қысқа уақыттың ішінде топтамасын жасап үлгереді. Топтамада жеңіл аристократиялық кербездік пен минимализм бар.

Топтамада Италиядан алынған табиғи маталар пайдаланылған. Киімдер негізінен өзіне барынша сенімді, көпшіліктің назарында болуды жөн көретін бойжеткендер мен әйелдерге арналған.


Қазақстандық «Maligue» бренді 2013 жылы 25 қазанда Алматыда құрылған. Араб тілінен аударғанда «ханшайым» деген мағынаны білдіреді.   

Арнайы massaget.kz үшін: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: massaget.kz

Қ. Бүйенбай