Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Табиғи сұлулық пен «натурфилософия» сабақтары

Табиғи сұлулық пен «натурфилософия» сабақтары

Табиғи сұлулық пен «натурфилософия» сабақтары

Қазіргі кездегі табиғи косметиканы дайындау үшін өсірілетін шөптер мен гүлдерді, тіпті арам шөптердің өзін қолмен тереді. Тірі табиғаттың күшіне негізделген апаларымыздан қалған әдемілік сырларының балғындығын сақтау – косметиканы өндірушілер мен қарапайым тұтынушылардың бұрыннан келе жатқан арманы. Алайда өнеркәсіптік өндірісті «зиянды химиясыз» елестету мүмкін емес.

Батыста табиғи заттарға қарай ығысу өткен ғасырдың 80 жылдарында басталды. Экология принциптеріне негізделген жалпы философия пайда болды. Сол кезде нарыққа өсімдіктен жасалған экологиялық таза өнім - бірінші табиғи косметика шықты. Оның «табиғилығын» халықаралық ұйымдар қадағалап, сәйкес белгімен белгілей бастады. Шындығында, өндірушілердің өзі бұл косметикаға қатысты сертификаттаудың бірыңғай стандарты жөнінде келісімге келе алмады. Әсіресе құрамында бір-екі табиғи нәрсе болса да, өнімді тұтас «табиғи» деп атау жиі кездеседі.

Өнім табиғи болуы үшін:                                                  

1. Косметикалық затқа арналған ингредиенттер экологиялық таза аймақтарда өсірілуі керек.

2. Құрамында кем дегенде 95% табиғи  зат болуы керек.

3. Оларды өндіру кезінде ешқандай химиялық қоспалар, бояғыш заттар пайдаланылмауы қажет.

4. Өнімнің балғындығын сақтау үшін тек табиғи консерванттар (өсімдік майлары, эссенциялар) қолданылады.

5. Табиғи косметиканы өндіру мен тестілеу кезінде бірде-бір жануар зардап шекпеуі керек.

Әдетте табиғи косметиканы өндірушілер арнайы белгімен белгілейді. Егер ол белгілерді есте сақтағыңыз келмесе, табиғи өнімді сыртқы түріне қарап анықтауыңызға болады.

Косметиканың түсі. Ақ немесе түссіз, себебі, оның құрамында химиялық бояғыш заттар жоқ.

Иіс. «Дәріханалық» немесе шөпке тән дәрілік хош иіс. Егер өнімнің құрамында эфир майлары болса, онда гүлдің немесе жеміс-жидектің иісі шығуы мүмкін.

Эмульсияның консистенциясы бар өнім қабаттарға бөлініп тұруы мүмкін. Бұл қорқынышты емес, тек өнімді пайдаланар алдында шишаны шайқап жіберсеңіз жеткілікті. 

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: zdorovobraz.ru

Қосылған күні: 01 қазан 2014, 14:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->