Әміркен белдемшені немен киеміз?

Әміркен белдемшені немен киеміз?

Әміркен белдемшелердің былғарыдан тігілген киімдерді алмастыра алмайтыны анық. Күз-қыс топтамаларынан олардың екеуін де кездестіруге болады. Десе де Louis Vuitton мини белдемшесі, Max Mara қарындаш белдемшесі, Tod’s шашақты белдемшесі мен Damir Doma ұсынған бүрмеленген белдемшелер алдыңғы қатардан орын алады.

Әміркен белдемше – артық аксессуарды қажет етпейтін, өте жарқын киім түрі. Түрі мен пішініне байланысты бұл белдемшені өзіне лайық киіммен үйлестіруге болады. Жауынды күндері одан су өтпейді, әрі үтіктеуді де қажет етпейді.

Erdem; Rochas; Christopher Kane

Zara; Karen Millen; Felder Felder

H&M; River Island; Marks & Spencer

Atos Lombardini; Boss Orange; Alice + Olivia

- Мұндай белдемшені киген кезде көзге жағымсыз көрінбес үшін жарты өлшем үлкенін алыңыз;

- Әміркен қарындаш белдемшені етегі қысқа, тоқымасы үлкен жемпірмен киіңіз;

- Күнделікті образды қалыптастыру үшін ваниль түсті әміркен белдемшенің жоғарғы жағына бір түсті кеудеше киіңіз, немесе кең тұратын футболка таңдаңыз;

- Бұл белдемшені киген кезде түрлі-түсті, көлемді аксессуарлар тақпаған жөн.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: cosmo.ru

Қ. Бүйенбай