«Қазақстан Аруы – 2014» жеңімпазы 1 миллион теңгеге ие болады

«Қазақстан Аруы – 2014» жеңімпазы 1 миллион теңгеге ие болады

1997 жылы Алматы қаласында негізі қаланған Ұлттық «Қазақстан Аруы» байқауы жыл сайын қалалық әкімдіктің қолдауымен өтіп жүр. Осы уақыт аралығында аталған байқау Оңтүстік астананың брендіне айналып үлгерді. Ал биыл алғаш рет Алматы қаласы әкімдігі осы шараның басты ұйымдастырушысы болып отыр. Бұл туралы Алматы қаласында өткен бүгінгі баспасөз конференциясында белгілі болды.

«Қазақстан Аруы – 2014» байқауы 5 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең. Онлайн-тіркелу. Байқауға қатысу үшін 2014 жылдың 30 қыркүйегіне дейін miss.kazakhstan.kz сайтына тіркелу керек. Тіркелу барысында нақты мәліметтерді берген жөн, өйткені алда қатысушыны кастинг күтіп тұр.

Екінші кезең. Кастингке шақыру. Тіркелгеннен кейін бірнеше күн өткен соң көрсетілген e-mail-ге кастингке шақыру келеді. Назар аударатын жайт, тіркелген кезде қатысушы кастингтен өтетін қаласын көрсетуі керек!   

Үшінші кезең. Кастинг. 2014 жылдың 1-30 қазаны аралығында байқау комитеті әр қалаға аттанады, қатысушыны таныстық пен кәсіби фотосессия күтіп тұр! Қалалардағы кастингтің кестесін misskazakhstan.kz сайтынан көруге болады. Қазақстан қалалары бойынша өткізілген кастинг нәтижелері бойынша байқау комитеті онлайн дауыс берудің келесі кезеңіне өтетін 100 қатысушыны таңдайды.

Төртінші кезең. Ел таңдауы. 5-11 қараша аралығында Қазақстанның әр тұрғыны өз пікірі бойынша ең үздік бойжеткенге misskazakhstan.kz сайты арқылы дауыс бере алады. Халқымыз таңдаған бес лайықты бойжеткен байқаудың финалына жолдама алады!   

Бесінші кезең. «Қазақстан Аруы – 2014» финалы. 17 жыл бойы еліміздің лайықты өкілдерін таңдау қазылар алқасына ғана байланысты болатын. Бұл жолғы жеңімпаздың тағдыры халықтың қолында.

Бүгінгі баспасөз конференциясы (Сурет: ©Юрий Якуба)

Байқаудың қазылар алқасы «Қазақстан Аруы – 2014» атағына халықтың дауыс беруі үшін қатысушылардың үздік үштігін таңдайды. 2014 жылдың 28 қарашасында Алматыда байқаудың финалы өтеді, мұнда ұйымдастырушылар тікелей эфирден онлайн және SMS дауыс беру үшін желі ашады. Соңғы сөз халықтың еншісінде болады.

Қазылар алқасының дауыс беру хаттамалары, СМС және Интернеттегі дауыс беру хаттамалары «Қазақстан Аруы – 2014» таңдауының ашықтығын көрсету үшін 29  қарашада байқаудың сайтында ашық түрде жарияланады. Бұл сызба жыл сайын осылай қала береді, кез келген адам дауыс беру кезеңдерін көре алады. 

Ұйымдастырушылар комитетінің айтуынша, алғаш рет «Қазақстан Аруы» жеңімпазы тәжбен қоса 1 миллион теңгені еншілемек.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Көрнекі сурет: vorotila.ru

Алматылық сұлу "Қазақстан Аруы-2013" тәжін киді

2009–2013 жылдары "Қазақстан Аруы" тәжін киген арулар

М. Оңғарова