Жігіттер сәні: Күзгі трендтер

Жігіттер сәні: Күзгі трендтер

Жаздың соңғы күндері де келіп жетті. Жазғы киімдер топтамасын арзан бағамен сату тоқтатылып, дүкендердің сөресіне 2014-2015 жылға арналған күз бен қыс топтамалары қойылуда. Олай болса назарларыңызға сәнді трендтер туралы қысқаша мәлімет ұсынамыз.

Бұл маусымда Valentino, Port1961, Hermes, Kent&Curwe, Salvatore Ferragamo, Louis Vuittton, Fendi, Alexander Wang, Bottega Veneta, Burberry Prosum, Corneliani, Dsquared, Emporio Armani, Etro, Ralph Lauren сынды брендтерді ерекше атап өтуді жөн көрдік.

Ralph Lauren


Бизнесте табысқа жетуді мақсат тұтатын жігіттерге Ральфтың топтамасы сай келеді. Ол тек сәнмен ғана үйлесіп қоймай, жарқын түстерінің арқасында өзгелерге еш ұқсамауға мүмкіндік береді.

Dsquared


Егіздердің топтамасы тың идеясымен, еш нәрсеге мәжбүрлемейтіндігімен тартымды. Кэжуал стиліндегі бұл киім жайлылықты жақсы көретін жігіттерге арналады.

Hermes


Классика мәңгілік өмір сүреді. Аталған топтама өзіне сенімді және бойы ұзын жігіттерге таптырмас киім болмақ. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: style4man.com, Маралбек Әкімовтың жеке парақшасынан

Қ. Бүйенбай