Сәнді шалбарлар 2014-2015

Сәнді шалбарлар 2014-2015

Әр маусым сайын дизайнерлер шалбар пішіні, фактурасы, түстерімен тәжірибе жасауды ұнатады. Алда келе жатқан күз-қыс 2014-2015 маусымы да ерекшеліктен ада емес. Маусымның ең өзекті шалбар үлгілерін осы мақаламызда топтастырдық.

Кең шалбарлар

Кең шалбарларды маусымның басты тренді деуге әбден болады. Айтпақшы, жарқын үлгілер арасынан белдемше-шалбарларды табуға болады, олар жаз топтамасында да өзекті болған, ал енді күзде танымалдылығы екі есе артады.

Байқасаңыздар, кең шалбарлар міндетті түрде ұзын және биік өкшені жауып тұруы керек. Мұндай шалбарлар офистік дресс-кодқа тамаша үйлеседі, сонымен қатар онымен театрға да баруға болады. Қыс гаммасынан өзге, дизайнерлер пастель түстерге назар аударуды ұсынады, мысалы, ашық көк, жалбыз түстес және т.б.

Кең шалбарларды 3.1 Phillip Lim топтамаларынан кездестіре аласыз.

3.1 Phillip Lim

3.1 Phillip Lim

Банан-шалбарлар

Тізе аймағында кеңейіп, тобыққа қарай тарыла түсетін шалбарларды банан-шалбарлар деп атайды. Ереже бойынша, олардың белі жоғары орналасқан. Бұл маусымда банан-шалбарларды By Malene Birger дат брендінен және windsor неміс маркасынан табуға болады.

Мұндай шалбарды блузкамен үйлестіріп, іскер әйелдің бейнесін қалыптастыруға болады. Егер шалбарды водолазка немесе жемпірмен кисеңіз, онда бейнеңіз сәл босаңсиды. Дизайнерлер бекзат сұрт түске назар аударуды ұсынады.

By Malene Birger

Спорттық стильдегі шалбарлар

Көптеген дизайнерлердің соңғы топтамаларын қарай отыра, спорт тақырыбы сән әлеміне адымдап кіріп жатқанын байқаймыз. Ол шалбарларды да айналып өткен жоқ. Спорттық стильдегі шалбарлар – маусымның must-have бұйымы. Оны классикалық қайықша және топпен киіп, спорттық бейнені жұмсартуға және біршама романтикалық етуге болады.

Дизайнерлер қара немесе сұр шалбарларды таңдауды ұсынады. Мұндай шалбарлармен абай болуды ескертеміз. Топ пен туфли таңдағанда шалбардың спорттық бағыты бәсеңсіп қалу керек.

Былғары шалбарлар

Күз-қыс 2014-2015 маусымында шалбардың фактурасы мен матасына назар аудару ұсынылады. Мысалы, Alexander Wang мен Acne Studio қыздарға былғары матада тігілген кең шалбарларды ұсынады. Мұндай шалбарлар өте сәнді көрінеді, алайда қыстың қытымыр аязына келе бермейді. Былғары шалбарлар күз маусымына жарасымды.

Атлас шалбарлар

Blumarine бренді сән-салтанатты сезінуді ұсынады. Топтаманың басты матасы – атлас. Дизайнер қошқыл-көк және қара түсті атлас шалбарларды жібек блузка және топпен үйлестіруді ұсынады.

Blumarine

Тоқыма мата шалбарлар

Қыста атлас пен былғары сізді жылыта алмайды, сондықтан минус температура кезінде жарамды маталар жайлы ойлануды ұсынамыз. Balenciaga сән үйі, Acne Studios бренді мен Carolina Herrera тоқыма матадан тігілген қалың шалбарларды ұсынады. Шабдалы түстес, көк, қою көк немесе принтті шалбарларды таңдай аласыз.

Balenciaga

Барқыт шалбарлар

Егер ерекше әсер қалдыруды қаласаңыз, маталардан барқытты таңдаңыз. Жарқын костюм шалбарлар Emilio Pucci топтамасында бар. Қызыл немесе жасыл костюм спектакль премьерасына жарайды. Егер бейнеңізді сәл солғындатпақ болсаңыз, дизайнерлер қоңыр барқыт шалбарларды ұсынады.

Carolina Herrera


Acne Studios, Balenciaga, Acne Studios


Emilio Pucci

Дайындаған: Анар Мұстафина

Сурет: passion.ru, yamodnica.ru





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – 4 DONGELEK