Тақасы сәнді аяқ киімдер – жаздың басты тренді

Тақасы сәнді аяқ киімдер – жаздың басты тренді

Осы жазда әшекейлеу, көркем сурет, жарқын түстер мен бөлшектер туфлилер мен босоножкаларды ғана қамтып қоймай, өкшелерге де көшті. Маусымның ерекше жаңалығын немен кию керек және қалай кию керектігі жайлы әңгімелейік.

Өкшенің биіктігі мен қалыңдығы бұл маусымда маңызды рөл ойнамайды, өзіңізге ұнағанын және жайлысын таңдаңыз. Жас сәнқойлар батыл эксперименттерге бара алады, мысалы Dolce & Gabbana-ның соңғы топтамасында ұсынылған мәнерлі немесе оюлы өкшелерді таңдай алады. Ал жасы келген әйелдер мұндай үлгілерден бас тартқаны жөн. Сонымен қатар аяқ киімнің тым жарқын болуы да оларға аса жараспайды. Оларға классикалық өзекті үлгілерге – бекем тұратын биязы өкшелерге назар аудару ұсынылады. Айта кететіні, пастель түстер әлі де өзектілігін жойған жоқ.

Егер туфлилер мен босоножкалар сәнді мөлдір пластиктен жасалған болса оларды кез келген киіммен киюге болады, бірақ жарқын үлгілермен абай болу керек. Өкшедегі үш түсті үйлесім, принттер, өрнектер, түрлі безендірулер, қанық бояулар киімде минимализмді ұстануға мәжбүрлейді. Мұндай аяқ киім өзі жалғыз-ақ көп нәрсе атқарады. Оны жарқын белдемше, жейде, пиджак немесе шалбармен үйлестіріп, сәнді болмайсыз. Бейнеңіз сахна әртісіндей болып қалады. Сондықтан мұндай айқын киімдерді қарапайым күнделікті киімдермен үйлестіріңіз. Мысалы, сары өкшелі туфлилерге ешқандай артық бөшектерсіз классикалық джинсы мен ақ жейде таңдаңыз, ал түрлі-түсті өкшеге – 50-ші жылдарды еске салатын бір түсті сарафан жарайды.

Сурет: allmoda.net

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina