Жазғы сән: DeFacto мен Terranova бутиктері ұсынған киімдер

Жазғы сән: DeFacto мен Terranova бутиктері ұсынған киімдер

Аты аңызға айналған Коко Шанельдің «Әйел атаулысына қарапайымдылық пен кішкене ғана қара көйлектен артық жарасатыны жоқ» деген сөздері естеріңізде ме? Расымен де, Қыз Жібек пен Баяндай сұлулардың сипатына қанық болып өскен қазақ қыздарына инабаттылықтан артық жарасатыны жоқ. Десе де, қыз баласының киімқұмар келетіні тағы бар. Бірі жалақысын ала салысымен дүкен араласа, екіншілері ата-анасына еркелеп өз қалағанын алдырады. Киімді қалай алсақ та, ерекше талғамның қажет екені жасырын емес. Олай болса, назарларыңызға "Апорт" Моллындағы бағасы арзан киімдерді үйлестіріп киюге көмектесетін материал ұсынамыз.


Әдетте, алматылықтар бағасының арзан екенін ескеріп Көк базарға немесе Алтын Орда базарына баруды жөн көреді. Алайда осы күндері атақты брендтердің де бағасы қолжетімді болуда. Әсіресе "Апорт" Моллында жеңілдіктер жиі болып тұрады. 


Төмендегі бір-бірімен жақсы үйлескен киімдер көңіліңізден шығады деген үміттеміз. Әрі тұсында бағалары көрсетілген.

Алғашқы ұсынып отырған образымыз көйлек кигенді жақсы көретін нәзік жандылардың талғамына сай келеді. Көйлектің түсі қара, қызыл. Гүлді суреттері бар, әрі матасы да жеңіл. Аксессуарлары да түсіне үйлеседі. Мұнымен қатар әсем образды қара клатч толықтырып тұр.

Көйлек бағасы - 7 490 теңге
Мойынға тағатын аксессуар бағасы - 1 990 теңге
Клатч бағасы - 3 990 теңге
Сағат бағасы - 4 990 теңге

Бұл киімді спорттық жарыстарға киюге болады. Жеңіл әрі матасы адамды терлетпейді. 

Футболка бағасы - 1 490 теңге
Қысқа балақ шалбар бағасы - 2 990 теңге
Сағат бағасы - 4 990 теңге
Әмиян бағасы - 1 990 теңге

Үшінші образ кеңседе жұмыс істейтін қыздарға арналады. Ол денедегі артық майды жасырып, барынша жинақы етіп көрсетеді. 

Гүлді кеудеше бағасы - 4 490 теңге
Белдемше бағасы - 4 490 теңге
Әмиян бағасы - 1 990 теңге

Аталған екі бутикте жаз маусымына арналған жеңілдіктер науқаны өтіп жатыр. 

Төртінші образды жаздың ыстық күнінде саябаққа қыдыруды ұнататын қыздарға ұсынамыз. Әрине, талғамға талас жоқ. Қысқа киімді кигенді ұнатпайтын қыздар да бар.

Аталған образда үнемі сән әлемінің төрінен орын алатын ақ және қара түстер пайдаланылған. 

Ақ түсті кеудеше - 4 490 теңге
Қысқа балақ шалбар - 4 490 теңге
Білезіктер бағасы - 1 490 теңге
Қолға ұстайтын клатч бағасы - 3 990 теңге

Келесі Terranova бутигі ұсынған киім өте ерекше. Себебі ол футболкі мен белдемшенің қосындысы емес, бар болғаны көйлек. 

Көйлек бағасы - 3 990 теңге

 

Кезекті образдағы киімдердің түсі бір-бірімен жақсы үйлескен, әрі кір көтерімді келеді. 

Бейсболка бағасы - 1 290 теңге
Шалбар бағасы - 2 990  теңге
Бандана бағасы - 790 теңге
Қол дорба бағасы - 1 290  теңге

Спорттық стиль мен өсімдіктердің суретімен безендірілген ерекше стиль. 

Көйлек бағасы - 6 590  теңге

Мұнымен қатар киім матасының денсаулыққа зиян келтірмеуі де қарастырылған. 

Алқызыл және сары түстен құралған бұл образ жасөспірім қыздарға сай келеді. 

Футболка бағасы - 1 290 теңге
Комбинизон бағасы - 3 990  теңге
Сөмке бағасы - 1 290  теңге

Қара түспен кез келген түсті үйлестіруге болады. Дәл сондай түстердің бірі - қанық көк түс. Мұнымен қатар қолындағы клатч кешкі көйлекті толықтырып тұр. 

Көйлектің бағасы - 3 990 теңге
Клатч бағасы - 1 590  теңге

Арнайы Massaget.kz үшін: Қарлыға Бүйенбай, Жолдас Өрісбаев

Сурет: Massaget.kz, Aport.kz

Апорт: жазғы жеңілдіктер

Қ. Бүйенбай