Апорт: жазғы жеңілдіктер

Апорт: жазғы жеңілдіктер

"Адам көркі – шүберек" дегенімізбен, жаздың көркі де – шүберек пе деп қаласың. Қызылды-жасылды киімдерді киген қыздар жаздың сәніне сән қосып жібереді. Осы орайда жаңа жобамыздың аясында Қазақстанда, оның ішінде "Апорт" дүкендерінде сатылымда тұрған киімдермен және бағаларымен таныстырмақпыз.

Көбіне бағасы арзан деп базарға жүгіргенімізбен, сауда орталықтарындағы сапалы киімдердің бағасы да қолжетімді болып жатады. Әсіресе, жеңілдік жүрген кезде қымбат киімдерді арзанға сатып алу мүмкіндігі артады.

Күнделікті киюге арналған төмендегі киімдер көңіліңізден шығады деп сенеміз. 

Оң жақтағы көйлектің бағасы – 4499, келесісі – 3990 теңге. Жаздың кез келген жағдайына жарайтын көйлектер деген баға берген болар едік. Әсіресе, қыдыруға, киноға киіп баруға болады. (Defacto)

Оң жақтағы көйлек – 4990 теңге (Terranova), сол жақтағы – 6990 теңге. Бұл көйлектерді қонаққа барғанда ұялмай киіп бара аласыз. (Defacto)

Сол жақтағы ақ көйлек – 6990 теңге (Terranova), комбинизон – 7990 теңге. Ақ көйлек кешкі отырыстарға киюге жарайды. (Defacto)

Мына бір белдемшелер мен кофталар кеңсеге киюге арналған. Белдемшелер – 2990 теңге, кофталар – 4490 теңге. (Defacto)

Әдетте жылдам барып келетін жерлерге, жолға шыққанда не киерімізді білмей әлекке түсеміз. Сондайда жазғы лосинаңызбен, туникаңыз болғаны дұрыс. Суреттегі лосина – 7490 теңге, туника – 2490 теңге. Джинсы киімдерді 3550 теңгеден аласыз. (Defacto)

Жағажайлық киімдер: оң жақтағы жасыл түсті майка – 1590 теңге, шорты – 3990 теңге. (Terranova)

Джисы шортылар Terranova дүкенінде 1990-4990 теңге аралығында. (Terranova)

Жұқа маталардан тігілген шортылар 990, 1990, 2990 теңгеден қойылған. (Terranova)

Ал мына жазғы майкаларды бар болғаны 990 теңгеден алуға болады. (Terranova) 

Суреттегі қызыл тор кофта – 2490 теңге болса, ұзын келген джинсы шорты – 3490 теңге. (LC Waikiki)

Мына жердегі түрлі-түсті жазғы кофталар 1990-2990 теңге аралығында. Жаздың барлық жағдайына керекті кофталардың үлгілері өте әдемі. (LC Waikiki)

Боди – 3290 теңге, майка – 3290 теңге. Джинсы шортымен немесе белдемшелермен киюге болады. (LC Waikiki)

Ал мына кофталарды жұқа жазғы шалбарлармен, лосинамен киіңіз. Бағалары – 2490  теңге. (LC Waikiki)

Сәнді футболкалардың бағасы – 3490 теңге. (LC Waikiki)

Мына кофталарды жұмысқа ұялмай кие аласыз. Бағалары – 2490 теңге. (LC Waikiki)

Жазда әркімде ақ жейде болу керек. Онсыз болмайды. Жейдеңіз жоқ болса, LC Waikiki дүкенінен 3790 теңгеге сатып алуға болады. (LC Waikiki)

Кофталардың бағасы – 2990 теңге. (LC Waikiki)

Отырыстарға киюге болатын ұзын кофтаның бағасы – 3990 теңге, күнделікті киюге арналған көйлек – 6990 теңге. (Defacto)

Жазғы сәнді шорты – 2490 теңге ғана, кофталар – 1190 теңге. (LC Waikiki)

Жұмысқа, кешке қонаққа, театрға, концертке барсаңыз, мына кофталар сізді ыңғайсыз жағдайға қалдырмайды. Оң жақтағы жейде – 3990 теңге, сол жақтағы – 5490 теңге. (Defacto)

Сіздің талғамыңызға қай киім сай келеді?

 Арнайы Massaget.kz үшін: Айгерім Сматуллаева

Сурет: massaget.kz, aport.kz