Түпнұсқа мен жасанды әтірдің айырмашылығы қандай?

Түпнұсқа мен жасанды әтірдің айырмашылығы қандай?

Алғашқы араб әтіршілерінің заманында 19 ғасырға дейін әтір ақсүйектерге ғана тән еді. Ол байлықтың нышанына айналған. Ерте заманның өзінде нарқы алтыннан да қымбат болатын. Қуанышымызға орай, қазіргі таңда арзан бағамен сатып ала аламыз. Бірақ сапалысының да қымбат түрлері бар.

Сапалы әтірді дайындау үшін бірегей шикізат пайдаланылады. Бағасы мен тобына байланысты заманауи әтірлер екі топқа бөлінеді: табиғи және синтетикалық. Бағасы қымбат болған сайын құрамында табиғи компоненттердің көп болғаны. Және керісінше бағасы арзан болған сайын синтетикалық заттар көбейе түседі.  

Ал табиғи шикізаттың қымбат болуының себебі неде?

Табиғи өнім өсімдіктерден немесе жануарлардан алынады. Ал оған қол жеткізу қиын әрі қауіпті.

Жануарлардан алынатын әтірлік компоненттерге мускус, амбру, виверру және кастореум жатады. Мұның барлығына жануарларды қинау немесе өлтіру арқылы ғана қол жеткізеді. Бірақ табиғи өсімдіктердің жағдайы да оңай емес. Өйткені ең қымбат эфир майын жапырақшалардан алады. Жоғарыда атап өткен заманда раушан, ақгүл, сарыгүл, нероли, сүмбіл, мимоза, тубероза, шегіргүл майының 1 миллилитрі 50 евроға дейін бағаланған.

Әтірдің синтетикалық компоненттері

ХХ ғасырдың келуімен өнеркәсіп әлдеқайда ілгері дамыды. Хош иісті өнімдерді көмір мен мұнайдан алатындай дәрежеге жетті. Ең алғаш 1908 жылы альдегид синтезделген еді. Оның көмегімен жасалған өнім ретінде Chanel № 5 әтірін айта аламыз.

1926 жылы химиктер иісі мускусқа қатты ұқсайтын экзальтон деген затты жасап шығарды. Осы компонент сол замандағы әтірлердің барлығында кездеседі. Келесі кезекте ақгүл иісімен сәйкес келетін жасмон, амбраның иісімен ұқсас скалереол және какуитраль, линалоол, гераниил сынды жасанды иістерді ойлап тапты.

Бүгінгі таңда әтір саласын органикалық химиясыз елестету қиын. Әрине жасанды иіс еш уақытта табиғи түрін алматыра алмайды.

Сапалы «люкс» тобына жататын парфюмның құрамында 1:9 есебінде табиғи және синтетикалық компоненттер болады. Әтір жасаушы Рене Ляруэль «Синтетика хош иістің қаңқасы болса, табиғи майлар оның денесі» дейді.

Әтір жасаушылардың қулығы

Ешбір әтір жасаушы өнімінің сыртына өзі қосқан химиялық заттардың шынайы атын жазбайды. Жазуға батылы бармайды десек те болады. Олардың шынайы атын оқыған тұтынушылар әтірді сатып алудан мүлде бас тартуы мүмкін. Ал фенилэтил спиртінің раушан гүл секілді хош иіс шығаратынын білесіз бе?

Жалғасы бар...

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fashion.ru 

Қ. Бүйенбай