Үйде не кию керек?

Үйде не кию керек?

Қонақ күтпесеңіз де, жалғыз тұрсаңыз да, маңызды емес, өз-өзін сыйлайтын, жақсы көретін адам үйіндегі киімі мен күйіне аса мән беруі керек. Сырт келбетіңіздің жинақылығы өміріңіздің басқа салаларын да автоматты түрде жинақы етеді.

Үйде не кию керек?

1. Халат. Психологтардың айтуынша, халат адамды еріншектікке итермелейді екен, сол себепті басты үй киімі ретінде оны таңдамаған жөн. Халат кию - үй шаруасына берілген әйел ретінде қалыптастырады, ал бұл жақсы емес. Мамық халатқа ваннадан шығып, ештеңе жасамай, жай демалғың келгенде орануға болады. Жеңіл әдемі халат та таңертең тұрып, іле салуға ыңғайлы. Бұл жерде ең маңыздысы – әдемілікте. Ыңғайлы болғаны үшін ғана шыттан тігілген, сұрықсыз халат сатып алмаңыз. Ыңғайлы әрі қолайлы әдемі киім таңдаңыз.

2. Көйлек. Жинақы, әдемі көйлек – халатқа қарағанда, әлдеқайда жақсы (сонымен қатар, туника да). Көйлек кигенде сіз бірден нәзік, романтикалы, ең бастысы жинақы көрінесіз. Әлбетте, көйлек өзіңізге ыңғайлы болуы керек, табиғи маталардан тігілген болса, тіптен керемет болады. Үй киімі ретінде этникалық үлгіде тігілген көйлектерді кисеңіз болады.

3. Спорттық киім. Қыста велюр трико, ал жазда – футболка және шолақ шалбар/бриджи. Үй жұмыстарына өте ыңғайлы, қозғалысқа кедергі болмайды. Ескі футболкалар мен тізесі шыққан триколарды қоқысқа лақтырыңыз.

4. Белдемше. Қысқа белдемшелер жазда өте ыңғайлы. Ұзын белдемшелер бірден тұла бойға биязылық, кербездік, көрік береді. Алайда үй жұмыстарында ыңғайлы бола бермейді. Әсіресе қонақ келер алдында ұзын белдемшелер киіп алсаңыз болады.

5. Ескі киімдер. Бұл киімдерге бұрын «сыртқа киген», енді ескірген, не бүлінген киімдер жатады. Өзіңізге ұнайтынын ғана қалдырыңыз да, созылып кеткен, синтетикалық, жалпы саудасы біткен киімдерді лақтырып тастаңыз.

Үйде ашық түсті киімдер кимеген жөн – қышқыл түстер күні бойы сізді шаршатып, жүйкеңізге әсер етеді. Бірақ классикалық сұр, не қоңыр түстерді таңдаған да дұрыс емес – уайым мен күйзеліске ұшыратады. Сол себепті жылы түсті киімдер таңдаңыз – көгілдір, алқызыл, ашық жасыл, сонымен қатар, жасыл жапырақтың, теңіз толқынының, сары құмның түстері сияқты табиғи түстерге екпін жасаған жөн. Айтпақшы, шәркені де ұмытпаңыз – ескірген, кір аяқ киім кимеңіз, оны өзіңіз кигенмен, қонақтарға көрсету де, ұсыну да ыңғайсыз.

Үйде не кисеңіз де, киіміңіз жуыла-жуыла өңі кетіп, созылған емес, таза, жинақы болуы тиіс. Үйде жүріп, айнаға жиі қараңыз: өз-өзіңізге ұнасаңыз, онда бәрі жақсы деген сөз!

Сурет: blogs.mail.ru, klumba.ua, gorodmod.ru, womanempire.ru, detisveta.com

A. Mustafina