Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Әшекейді қай аяққа тағу керек?

Әшекейді қай аяққа тағу керек?

Әшекейді қай аяққа тағу керек?

Арулар бар сұлулығын паш ететін жадыраған жазда бет, тырнақ, дене күтімі өте маңызды. Сондай-ақ дұрыс таңдалған әшекей сұлулығыңызға әсемдік үстеп, сізді жаздың ханшайымына айналдыра алмақ. Біз бүгін аяққа арналған әшекей жайлы айтамыз.

Әшекейді қай аяққа таққан дұрыс? Бұл сұрақтың нақты жауабы жоқ. Өйткені аяқ әшекейін әр халық өз дәстүріне сай таққанды жөн көреді. 

Аяқ әшекейі Азияда дүниеге келген. Іш биі аяққа әшекей тағу арқылы биленетінін білеміз. Үндістан қыздары үшін аяқ әшекейі үнемі тағылатын ажырамас сән бұйымы. Ежелгі заманда оң аяққа тағылған әшекей әлеуметтік кемсітуді білдірген, ал әшекей сол аяққа тағылған болса, ол әйелдің күйеуі бар екенінен хабар берген. 

Ал Америкада сол аяққа жеңілтек қыздар, оң аяққа елден ерекшеленгісі келгендер тағады деген түсінік әлі бар. 

Десе де, бүгінде заманауи қыз-келіншектер жаз мезгілінде әшекейді қай аяғына тақса да, ешқандай маңызы жоқ. Өйткені бүгінде аяқ әшекейі тек қана сән үшін тағылады. 

Аяқ әшекейін қалай таңдаймын десеңіз, ең ұтымды нұсқа – аса байқалмайтын жіңішке алтын әшекейді таңдау дер едік. Одан кейін әшекей үстіңіздегі киімге сай болғанын қадағалаңыз. 

Әлбетте, аяғыңыздағы әшекейге елдің көзі көп түсетіндіктен, аяғыңызға ерекше күтім жасап, педикюр жайлы да ұмытпаңыз. 

 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: luxemag.ru, totemi-ru.livejournal.com, 

modnaya.org, ona-znaet.ru

Қосылған күні: 22 маусым 2014, 15:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.