Тренд: сәнді белдемше мен қарапайым футболка

Тренд: сәнді белдемше мен қарапайым футболка

Ешқашан үйлеспейтін киімдерді үйлестіру – бүгінде жаңалық емес. Электикаға деген махаббат – көше сәнінің әрдайым басты белгісі болды. Сарапшылар көше сәнінің ғұмыры ұзақ болмайды деген сайын, керісінше қарқынды дамып жатқанын байқаймыз. Оған қоса – көше стилінің элементтері қызыл клемде көрініп қалып жатыр. Эмбер Херд, мысалы, Канн кинофестиваліне жарқыраған сәнді кешкі белдемше мен қарапайым ақ футболкамен келді. Үстіне киетін қарапайым киімдер мен астыға киілетін сәнді киімдерді үйлестіру кімге ұтымды?

Соңғы кездері қызыл кілем үстіндегі бейнелер сұрықсыз болып барады. Сол себепті жұлдыздар сыншыларға басқа әдіспен әсер етуді ойластырады. Мысалы, Рианна сияқты жалаңаш денесін көрсетеді немесе сүйікті брендін басқаға алмастырады. Бірақ ең жақсы нұсқа – көше сәні идеяларын іске асыру. Эмбер Херд қарапайым ақ футболканы белдемшеге ұқсайтын кең жылтырақ шалбармен үйлестіріп, дәл осылай жасады. Алайда, дәл осындай total look Vionett көктем-жаз көрсетілімінде ұсынылған болатын. Сондықтан Эмбер жай ғана подиумдағы дайын бейнені ала салды.

Ал Аустралия көшелерінің сәнқойлары бейнелерін өздері құрастырды. Сиднейде өткен Сән апталығы кезінде кең белдемшелерді спорттық футболка және жолдорбамен үйлестірген қыздар жиі байқалды...

...қарапайым футболка мен шілтерлі белдемше киген сәнқойлар да...

...Сән апталығы қонақтарының бірі пайеткалармен көмкерілген белдемше және гранж стиліндегі созылған футболкамен көрінді.

«Қарапайым футболка + сәнді белдемше» жиынтығын түрліше үйлестіруге болады. Олардың көмегімен бейнеңізді барынша биязы немесе жігіттерше ету өз қолыңызда. Яғни, биік өкше мен клатч қосып, ханымға ұқсасаңыз, кроссовка мен жолдорма tomboy стиліндегі өзекті бейне жасауға көмектеседі.

Ал егер Ясмин Севелл сияқты фатин белдемшесі мен қысқа топқа джинсы қоссаңыз, онда елдің назары сізде болатынына сенімді болыңыз.

Сурет: fashiontime.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina