Әли Оқапов қалай киінеді?

Әли Оқапов қалай киінеді?

Роза Рымбаеваның ұлы, өнерге өзіндік стилімен келген Әли Оқапов бүгінде мыңдаған қыздың арманы. Ол биік талғаммен сәнді киінетінімен де ерекше. 

"Киім ыңғайлы болса болғаны. Жарқын түсті киімді ұнатып киген емеспін. Сүйікті түсім – қара. Көбіне сникерс (кроссовкі) киемін. Қымбат брендтерге қызықпаймын", - депті Әли сұхбаттарының бірінде. 

Әлидің инстаграмдағы парақшасы жұлдыздың бұл сөзін дәлелдейді. Өйткені оның көп киетіні – қара және күңгірт түсті костюм мен қара бешпент. 

Бұл қара түсті сырт киімінде Әли заманауи, элегантты. 

Әлидің гардеробында қара түстіден басқа киім жоқ деп ойлап қалмаңыз. Сәнқой жігіт әр шараға әртүрлі киініп барғанды ұнатады. 

Сирек болса да ақ түсті киімді құп көреді. 

Қалай ойлайсыз, Әлиге қай түс жақсырақ жарасады?

Сурет: http://instagram.com/aliokapov

Басты сурет: Сания Аринова

Автор: Мейіргүл Оңғарова

М. Оңғарова