2014. Kira Plastinina ұсынған "Көктем-жаз" топтамасы

2014. Kira Plastinina ұсынған "Көктем-жаз" топтамасы

Пластинина Кира Сергейқызы 1992 жылы 1 маусымда ресейлік ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Пластинин Сергей «Вимм-Билль-Данн» компаниясының беделді акционері.

«Kira Plastinina»  сауда маркасы - Сергейдің жеке жобасы. Бұрын осы күндері Ольга Фельдт басқарып жүрген «КП стиль» компаниясының басқарушысы болған. Аталған брендтің киімін Қытайда тіктіру үшін 35 000 000 АҚШ долларын жұмсаған. Дәл осындай қаражатты АҚШ-дағы фабрикаға шығындаған. Аталған елде бастапқыда 12 дүкен ашылып, 2008 жылы бастау алған дағдарысқа байланысты барлығы да жабылған. Артынша 2009 жылы Лос-Анджелесте екі дүкен қайта ашылды.


Дизайнер Кира Пластининаның туындылары ең бірінші рет 2007 жылы «Еуропалық» сауда орталығының ашылуымен бірге таныстырылады. Талапты қыздың қуанышына орай 2011 жылы дүкен саны 120-ға жетеді. Мұнымен қатар бұл бренд тек Ресейде ғана емес, Қазақстанда, Белорусияда, Украинада, Америкада, Филиппинде, Қытайда және Италия мен Ұлыбританияда таралған.

Кира өзінің киімдеріне тән стилді «art-glamour-sportive-casual» деп атайды. Негізінен 15-25 жас аралығындағы бойжеткендерге арналған. Өзі кигісі келетін киімдерді ғана тігетіндіктен, 99% киімі өзінің брендіне тиесілі.  


2007 жылы атақты американдық фотомодель Перис Хилтон мәскеулік Kira Plastinina дүкенін аралап, оның жарнама ролигіне қатысқан. Кей мәліметке сүйенсек, Хилтонның келгендігі үшін Кира 2 000 000 АҚШ долларын шығындаған екен.

Кира 2008 жылы Миландағы сән апталығында «Көктем-жаз-2009» атты топтамасын көпшіліктің назарына алғаш рет ұсынды. Ару тек әкесінің жобасын жүзеге асыра отырып, Мәскеудегі Ағылшын-америка мектебінде оқиды.

Назарларыңызға «Kira Plastinina» брендінің «Көктем-жаз-2014» топтамасын ұсынамыз.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: glamour.kz

Қ. Бүйенбай