Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Көктемнің үздік 10 косметикасы

Көктемнің үздік 10 косметикасы

Көктемнің үздік 10 косметикасы

Көктем мезгілінде жер беті жаңарып қоймай, косметика дүкендерінде де өзгеріс басталады. Сөрелерге визажист мамандар ұсынған брендтер қойылады. Назарларыңызға таңдаулы деген көктемгі 10 топтаманы ұсынамыз.

Bobby Brown "Nectar and Nude" макияжға арналған көктемгі топтамасын ұсынды. Оның таныстырушысы - Кэти Холмс. Қабаққа арналған 6 түрлі бояу жаңа образ табуға көмектеседі.

Givenchy сән үйінің мамандары "Over Rose" атты алқызыл түсті косметиканы таныстырды. Ерінге арналған "Prismissime Euphoric Pink" далабын ерекше атап өтуіміз керек.

Атақты Dior топтамасын Мария Антуанетта ұсынды. Бұл жолы макияжға арналған топтама Trianon деп аталады. Құрамында 3 түсті қабақ бояуы, қанық қара түсті подводка және алқызыл түсті еңлігі бар.

Әдеттегідей Guerlain брендінің макияжға арналған "Météorites Blossom" топтамасын Наталья Водянова таныстырды. Аталған бренд косметиканың түсін ғана өзгертіп қоймай, сыртқы пішіндеріне де өзгеріс енгізді. Күміс түсті қобдишаның сыртынан нәзік гүлдерге орын табылды. Ал ең басты жаңалықтары алқызыл және сарғыш түсті еңлік болды.

Chanel ұсынған "Notes de Printemps" топтама косметикасының түстері мүлдем өзгеше. Бұл жолы оның құрамына ерінге арналған далап, тырнақ бояуы және бет терісі түсін өзгертуге арналған косметикалар кірді. Крем қосылған Le Blush Crème De Chanel еңлігінің ерекше сұранысқа ие болып жатқандығын атап өтуіміз қажет.

Америка «Clinique» маркалы косметикасының топтамасы «New In Bloom» деп аталады. Осы топтаманың ішіне кіретін «Cheek Pop» еңлігінің төрт түсі бар. Жібектей нәзік құрамының арқасында біркелкі түсті қамтамасыз етеді.

«Lancome» ұсынған «French Ballerina» топтамасын бүгінгінің ханшайымы Лили Коллинз таныстырды. Жарнама күлгін түсті лентасымен ерекшеленеді. «Must-have» топтамасының құрамына 5 түстен құралатын «Doll Eyes Hypnose Palette» қабақ бояуы кіреді. Оны күндізгі және кешкі «smokey-eyes» стиліндегі макияжға да қолдануға болады.

«Clarins» бренді жадыраған көктемді «Opalescence» топтамасымен бірге қарсы алуды ұсынады. «Opalescence Face&Blush Powder» косметикасын опа, еңлік және бронзер ретінде пайдалануға болады. Бұдан өзге жарқырауық қабақ бояуы, еңліктің бірнеше түсі, далап және хайлайтер бар.

Атақты жұлдыздарға макияж жасап жүрген визажист Лора Мерсье көктемдік топтамасын «Renaissance» деп атады. Лора да өзгелері секілді алқызыл түсті көбірек пайдаланды. «Metallic Crème Eye Color» аталатын қабақ бояуы суға төзімділігімен ерекшеленеді.

Линда Кантелло 30 жылдары Голливудте сұранысқа ие болған «Giorgio Armani» маркасын қайта жаңғыртты. Кезекті топтама «Effecto Nudo» деп аталады.

Ал сіз қайсысын таңдайсыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: lady.kz

3273 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 11 сәуір 2014, 17:23
Пікірлер
+0
12 сәуір 2014, 17:54

Қызыл түстісі ұнады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...