Көктем мен жаз – қуаныш пен шаттық мезгілі. Киімдер де көңіл-күйге міндетті түрде сай болуы қажет!
1. Гүлденген өмір!
Кестеленген гүлдер танымалдылықтың шарықтау шегінде. Апаңыздың гүлді-гүлді киімдерін сандықтан шығарыңыз.
Блейзер - Bonprix . Көйлек - Darling, OTTO
2. Мұнтаздай таза
Ақ – мезгілдің басыңқы түстерінің бірі. Шілтер және перфорация элементтері бар үлгілер өзекті болады.
Сәнбике - Alexander Terekhov. Пуловер – Reserved. Болеро – Bashаratyan. Белдік - Marc Cain. Сөмке – Marni. Туфли – Topshop
3. Толқын қозғалысы
Желбіршектер теңіз толқыны мен демалыстан хабар беретіндей... Ең бастысы қабаттары көбірек болғаны дұрыс. Асимметрия ойнақы татулыққа баулиды.
Сәнбикелер - Kira Plastinina. Көйлек – Apart. Футболка – Zara. Блуза – One Touch. Көйлек – Кaren Miller. Туфли - Cesare Paciotti.
4. Бұршақ патшасы
Осы жазда бұршақтың түстері де, өлшемі де әртүрлі болғаны құпталады. Әсіресе бұршақ принтті биязы көйлектер сәнде.
Сәнбике - Dolche & Gabbana. Аяқ киім – Dr. Martens. Сөмке- Marni. Блуза – Betty Barclay. Су киім – Mamas and Papas
5. Көк-жасыл қалашық
Бөтелке шынысымен түстес аксессуарлар ерекше танымал болады.
Сәнбике – Okslen. Сырға – Kenneth Jay Lane. Көзілдірік – ОСС. Белдік – Centro
6. Кіршіксіз тазалық
Биязы-алқызыл реңкті киімдерді таңдағанда ерлер сұлбасына тән пальтоға, трапеция көйлекке, қысқа сыбызғы-шалбарға назар аударыңыз.
Сәнбике - Adeam, Сөмке – Beefre. Күртеше – Incity. Сағат - Bonprix
7. Найзағай
Пайеткалар, атлас, металл жұғынды және айна бөлшектерінен аппликациялар – бізді жайнаған жаз күтіп тұр!
Сәнбике – Lanvin. Туфли – Asоs. Клатч – Accessorize. Күртеше - Philipp Plein. Шалбар - Joseph
8. Апельсин
Егер қызғылт сары түсті ұнатсаңыз, аксессуар таңдауда өзіңізге ерік беріңіз.
Сөмке – River Island. Туфли – el Monte. Сөмке – Warehouse. Лофер – Nicholas Kirkwood
9. Көңілді жолақ
Түзу де, көлденең де жолақтар сәнде.
Сәнбике – Alberta Ferretti. Белдік – Sella. Ұзын жеңді футболка – Mango. Су киімі – Calzedoniania
10. Баурағыш таңқурай
Осы маусымда дизайнерлер арасында фуксияның мерейі үстем болып тұр. Бірақ бұл түсті абайлап пайдалану керек.
Сәнбике – Normal Luisa. Жаңа – Vera Mont. Күртеше және белдемше – Philipp Plein. Ботильон – Pepe Jeans
Сурет: starhit.ru, gortenzija.com
Дайындаған: Анар Мұстафина
үштегі қара көк көйлек ұнап тұр) жыл сайын көктем болса жарқын түсті киімдер алуға асығушы едім, биыл керісінше жабық киімдерге қызығып жүрмін :o
Күлгін түсті көйлек әдемі екен
ияяя....қыздардың арын ойлауы, жабық киіну қашан тренд болады екен?!
ол тренд текті анадан туып, адал сүт еміп, өнегелі ой, тағылымды тәрбие көргендер арасында мәңгілік тренд және солай болып қала бермек.
Гүлдер мен толқын ұнап отыр
7-дегі найзағай дегеннен басқасының бәрі де ұнады
1 2 6 сондай адеми
2,5,6 көңілге қонымды