Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Годе белдемшесін немен киюге болады?

Годе белдемшесін немен киюге болады?

Годе белдемшесін немен киюге болады?

Қыздар гардеробының ең негізгі бұйымы – белдемше. Әр маусым сайын дизайнерлер белдемшенің түрлі үлгілерін сәнге кіргізіп жатыр. Мәселен, бір кездері буда-белдемшелер сәнді болған болса, кейін бәрі жаппай бәйшешек-белдемшеге көшті. Ал былтырғы жылы макси белдемшелер басты назарда болды. Бұдан бөлек белдемшелердің классикалық үлгілері де бар. Мысалы, дәстүрлі түзу белдемше, қарындаш-белдемше және годе белдемшесі. Бүгінгі жазбамыз соңғы айтылған годе белдемшесі туралы болмақ.

Годе — бұл үстіңгі жағы қонымды келген, бірақ етегі кең түзу белдемше. Етегін матаға үшкіл салып тігеді. Көбіне годе белдемшелерінің ұзындығы тізеге дейін келеді немесе одан сәл төмен болуы мүмкін. Мұндай белдемшелердің басты артықшылығы – тым толық сандарды жасыруға көмектеседі.

Годе белдемшесі іскерлік стильдегі киімдермен де жақсы үйлеседі. Қатал түзу үлгіге қарағанда кең етек ерекше және сәнді көрінеді. Ал жеңіл, ашық түсті маталардан тігілген мұндай белдемшені жазғы серуендерге, кездесулерге киіп баруға болады.

Егер сізде годе белдемшесі бар болса, оны немен үйлестіріп киюге болады? Алдымен ұзындығы тізеге дейін болатын үлгіні қарастырып көрейік.

- Жакетпен

Жакет пен белдемшенің матасын, түсі мен фактурасын бірдей етіп таңдауға болады. Мұндай белдемшеге, әсіресе, қынама бел жакеттер жақсы жарасады. Алайда оның тым ұзын болмағаны жөн.

- Жемпір-водолазкамен

Тығыз мақта матадан, жұқа жүн матадан немесе акрилден тігілген жеңі және мойны ұзын қынама водолазкалар годе белдемшесімен жақсы үйлеседі. Егер водолазка бір түсті болса, онда ұзын моншақ немесе бауы ұзын ірі мойыналқа тағып алуға болады.

- Блузка және жейделермен

Годе белдемшесін классикалық блузкалар және топтармен киюге болады.

- Годе белдемшесіне сай аяқ киім ретінде орташа және биік өкшелі туфли-қайықшаларды айтуға болады.

Биік өкшелі ботильондар да онымен әдемі көрінеді. Жеңіл белдемшемен бірге киюге жалпақ табанды балетка немесе сандалдар жарайды.

Бір айта кететін нәрсе мынау. Годе белдемшесін тізеге дейін келетін етікпен кимеген абзал.

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

Оқи отырыңыз:

Белдемше түрлері және оларды үйлестіру

Маған қандай белдемше жарасады?

4706 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 28 наурыз 2014, 10:38
Пікірлер
+0
28 наурыз 2014, 10:50

маған арналмаған екен)

+0
28 наурыз 2014, 11:07

Әдемі, бірақ кие алмаймын ((

+0
28 наурыз 2014, 16:06

Басты суреттегісі әдемі екен... Сымға әбден үйреніп алыппын...

+0
28 наурыз 2014, 17:22

Біріншісі мен үшіншісі ұнады. қалғандары киюге ыңғайсыз сияқты...

+0
29 наурыз 2014, 13:31

суреттер ашпай тұр ғой :( бірақ мен ешқашан киген емеспін, кие де алмаймын ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...