Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Көктем. Косметика салғышын жаңартыңыз!

Көктем. Косметика салғышын жаңартыңыз!

Көктем. Косметика салғышын жаңартыңыз!

Қыстың ызғарлы күндері ұмыт қала бастағандай. Көктемнің алғашқы жауыны жауып, жер көгере бастады. Далалы жерлерде бәйшешек шығып, бақтан құстардың дауысы естіледі. Осылай табиғат жаңарғанда, сіздің де жаңаруыңыз керек. Бәрін де гардеробыңыз бен косметика салғышыңыздан бастаңыз дегіміз келеді. Ең алдымен, ажарыңызға ажар қосатын, жүзіңізді нұрландыратын косметикаларыңызды ретке келтіріп көрейік. Ескіні лақтырып, жаңасымен толықтыру төрден орын алған маусымда ерекше серпін сыйлайды.

Әдетте нәзік жандылар қауымы қымбат теньдері мен далаптарын, иіссуларын үйлену тойға немесе ерекше бір оқиға үшін сақтап қойып жатады. Шын мәнінде, анықтап қарайтын болсаңыз, олардың сақтау мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. Келісесіз ғой? Олай болса, біз ұсынған қадамдар бойынша косметика салғышты ретке келтіруге қалай қарайсыз?

Бірінші қадам: Бәрі көз алдыңызда

Барлық косметикалық заттарыңызды үстелдің үстіне қойыңыз. Ненің бары, ненің жоғы анық көрінсін. Бір жыл бойы қолданбаған затты осы жылы қолдануыңыз екі талай. Қысқаша айтқанда, бір көргеннен "ғашық" еткізбеген косметиканың енді мүмкіндігі жоқ. Тастаңыз! Cынған қарsндаштардан, езілген далаптардан да құтыламыз. Косметика салғыштың түбінде жатқан қоқыстарды төгіп, тазалап жуыңыз.

Екінші қадам: ескі макияж құралдарын тастау

Иә, осы күнге дейін адал қызмет еткен құралдардан айырылу оңай емес. Алайда, олар да "қартаяды". Яғни, сәйкесінше қызмет атқарудан қалады. Оның үстіне, мерзімі өткен, бұзылған косметикада аллергиялық аурулар тудыратын бактериялар болады. Косметика салғышты ұдайы жаңартып тұру тері денсаулығын сақтайды. Барлық косметикаңыздың сақтау мерзімін қарап шығыңыз. Сондай-ақ, жаңа затты алғанда сақтау мерзімін қарап, сыртына жазып қоюды әдетке айналдырыңыз. Макияж құралдарының ішінде сақтықты талап ететіндердің бірі – сүрме. Негізі олардың сақтау мерізім 6 айға дейін ғана екенін білу керек. Ал оның щеткасын тазалап жуып, қас тарауға қолдануға болады. Ал кремдер мен опалар 6- 12 ай аралығында сақталады. Олар түсін, сұйықтығын өзгерте бастағаннан-ақ құтылуға асыққан жөн. Ал құрғақ опалар 1-2 жылға дейін жарайды. Оларға бактерия түспес үшін қолымен ұстамауға тырысыңыз және құрғақ, қараңғы жерде сақтаңыз. Далап 12 айға дейін жақсы пайдаланылады. Иісі, құрамы өзгерсе, абай болыңыз және тұмау кезде пайдаланылған далаптарды тастаңыз. Әрбір косметиканы пайдаланғаннан кейін қолыңызды жақсылап жууды ұмытпаңыз.

Үшінші қадам: Иіссу да көктемге лайық болсын

Көктем десе, гүлді де қоса елестетеміз. Қыстан қалған өткір иісті иіссудың жарамдылық мерзімі шыдаса, келер қыс мезгілінің еншісіне қалдырып, гүл иісті жұпар суды сеуіп жүріңіз. Бұл иіссу өзіңізге ғана емес, айналаңызға да көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. 

Төртінші қадам: макияжға арналған құрал-саймандарды жаңарту

Сіз бір сүлгіні жумастан айлар бойы пайдаланбайсыз ғой? Сол секілді құрал-саймандар да жаңартуды қажет етеді. Қас жұлғыштарыңызға, қылқаламға, тырнақ егейтінге, аппликаторға "ванналық" күн ұйымдастырыңыз. Бәрін де тазалау керек. Осыдан кейін бұларды аптасына бір рет немесе, екі аптада бір жууды әдетке айналдырыңыз. Жаңа жөке мен ваннаға арналған заттарды салатын қапшық сатып алуға да болады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет:rebenok.by

3377 2
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 16 наурыз 2014, 19:39
Пікірлер
+0
16 наурыз 2014, 19:46

Духиімді өзгерткім кеп жүр, жақсы идея ертең барып жаңасын алмасам

+0
17 наурыз 2014, 00:38

жаңартқанмын көбін, тек реттеп кейбіреуін лақтыру қажет

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...