Шашты түзу бөлу

Шашты түзу бөлу

Ұзын шашты ортасынан қақ бөліп, сәндеп қою қай кезде болмасын өте сәнді әрі тартымды. Шашыңызды ортасынан бөліп, сәндеу үшін мына кеңестерге құлақ түріңіз.

1. Шашыңыздың түбінен ұшына дейін шашқа арналған көбік жағыңыз. Тарақтың ұшымен төбеңізден бастап, маңдайыңызға дейін түзу етіп бөліңіз.

2. Шашыңызды қатты жіңішкелетпей өріңіз. Щеткалар мен тарақты ұмытып, тек қолмен жұмыс істеңіз. Шаштың түп жағын қатты етіп өрсеңіз болады. Бұл шаштың көлемді әрі толқынды болуын қамтамасыз етеді. Ал ұш жақтарын біраз жіңішкелеп өріңіз. Шашқа арналған үтікпен өрімдерді қысыңыз. Феннің суық ауасымен салқындатыңыз.

3. Төменгі жағынан бастап өрімдерді босатыңыз. Толқындап бұйраланған шаштарыңызды қолыңызбен ажыратып, шашыңызға көлем беріңіз. Шаштың бөлінген жеріне арнайы кисточка арқылы гель жағыңыз.

4. Шашқа арналған аксессуарлармен әшекейлеп қойсаңыз, тіпті қатып кетеді.  

Суреттер: talkingmakeup.com, 2011celebrityhairstyles.com, season.kz

A. Mustafina