Chanel No.5 сөмкесі 2014 жылдың басты аксессуарына айнала ма?

Chanel No.5 сөмкесі 2014 жылдың басты аксессуарына айнала ма?

Сән әлемінде салмағы бар Карл Лагерфельд аңызға айналған әтірді Chanel No.5 сөмкесіне айналдырды. Сөйте отырып, сәнгер оны кешкі отырыстарға, салтанатты кештерге ұстап баруды ұсынды. Әдеттегі Шанель сөмкесінің дәстүрімен бұны да иыққа ілуге, не қолға жинақтап ұстауға болады. 

Әйгілі жұлдыздар Chanel No.5. сөмкесін қолданысқа енгізіп жіберуге тырысуда. Бұл сөмке ең алдымен керек-жарақты салатын зат ретінде емес, сәнді аксессуар ретінде қабылдануда.

Бұны сөмкенің мөлдірлігімен түсіндіруге болады. 

Десек те, сәнқой жұлдыздар мөлдір сөмкені өз ыңғайларына келтіріп, косметика құралдарын үйлестіріп салуға болатынын дәлелдеп үлгерді. Батыл образдан тайсалмайтын Майли Сайрус Грэмми кешіне қысқа көйлек пен алқызыл тон киіп, осы образға Chanel No.5 сөмкесін үстей келді.

Әйткенмен бұл басты мәселе емес, өйткені Шанель сөмкесінің қара түсті түрі де бар. 

"Көлемі үлкен әтірді" сөмке ретінде қабылдаған жұлдыздар тізімін жалғастырайық.

Анна Делло Руссо Chanel No.5 сөмкесінің сәнді аксессуар болатынын байқатып, мынадай ерекше образына дәл осы сөмкені лайық деп тапқан. 

Мирослава Дума Chanel Numero Prives көрмесіне басынан аяғына дейін Шанельдің аксессуарларын киіп келген. Бейнесінен әсіресе Chanel No.5 сөмкесі ерекше байқалған.

Алекса Чанг классикалық бейне жасап, өкшесі биік емес аяқ киімі мен Chanel No.5 сөмкесін үйлестіре білген. 

Лаура Нейва Little black jacket көрмесіне түймелері үлкен көйлекпен алды ашық аяқ киім киіп келді. Сөйте отырып, басты акцентті Chanel No.5 сөмкесіне берген. 

Рианна болса, Chanel No.5 сөмкесінің бірден екі "құтысын" құп көргенге ұқсайды. 

Осы орайда Массагеттің сәнқой арулары Chanel No.5 сөмкесіне қандай көзқарас білдірер екен? Кезек өзіңізде, оқырман... 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: elle.ru, luxurygoodsconciergeservice.blogspot.com, repreview.net, spottedfashion.com 

М. Оңғарова