Грэмми-2014: Сәнді көйлектер

Грэмми-2014: Сәнді көйлектер

Қаңтардың 26 жұлдызында Лос-Анджелестегі Стэйплс орталығында Грэмми-2014 музыкалық жүлдесін салтанатты табыстау кеші 56-шы рет өтті. Қызыл кілемде кімнің көйлегі ең сәнді болды?

Түрлі салтанатты кеште жұлдыздардың киіп келген киімдері өнерімен қатар сынға түсетіні белгілі. Дәл осындай кештерде келер маусымның жаңа трендтері, сән қалыптаса бастайды.

Грэмми – музыка саласындағы ең белді марапаттардың бірі. Мұнда әлемдік атаққа ие орындаушылар мен топтар қол жеткізген жүлделерін алып қана қоймай, сәнді көйлегімен баршаның арасынан ерекшеленуге тырысады. Осы жолы жұлдыздар қандай көйлек таңдапты?

Аяғы ауыр Сиара Emilio Pucci көйлегінде ең сәнді болашақ ана атанды.

Тэйлор Свифт осымен қатарынан бірнеше рет сәнді отырыстардан мінсіз бейнемен байқалды. Осы жолы ол Gucci Premiere топтамасындағы алтын жылтыр көйлегін таңдаған.

Кэти Перри өте орынды, белдемшесі ноталармен сәнделген Valentino Couture көйлегін киді.

Ralph Lauren Collection брендінің шалбар костюмін таңдаған Мадонна ұлы Дэвидпен бір стильде киінді.

Жүлделердің біріне қол жеткізген Алиша Кис Armani Privé ашық ұзын салтанатты көйлегін таңдапты.

Michael Costello сән үйінің мөлдір көйлегін киген Бейонсенің бейнесі ең батыл болды.

Пинктың таңдауы Johanna Johnson-ның топтамасындағы қызыл  көйлекке түскен екен.

Әнші Фаррел Уильямс Vivienne Westwood сән үйінің ерекше қалпағымен көпшілікті таң қалдырды.

Айта кетсек, осы жолы Грэмми марапатының ұйымдастырушылары жұлдыздарға арнайы ресми хат жолдап, онда тым ашық киінбеулерін сұрапты.

Ал сізге кімнің көйлегі ұнады?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: elle.ru, woman.ru

С. А