Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Шаштың сәні – шолпы мен шашбау

Шаштың сәні – шолпы мен шашбау

Шаштың сәні – шолпы мен шашбау

Сылдыр, сылдыр, сылдыр…
Қанымды қайнатты құрғыр.
Шық-шық жүрекке тиеді,
Күлпара талқан боп сынғыр.

Мағжан Жұмабаев ("Шолпы" өлеңінен)

"Әшекейі жоқ әйел жапырағы жоқ ағашпен тең" демекші, бүгінде сыңғырлаған шолпы түгілі, белге түскен қолаң шаш азайып бара жатса да, ұзын шаш маңызын жоя қоймады. 

Әдетте ұзын шашқа тағылатын шолпы мен шашбаудың айырмашылығы қандай?

Құрылымы жағынан шағын болып келетін шолпы өзара біріктірілетін қозғалмалы бөлшектер: құлпырма маржан тізбектерінен, Ресей тиындарынан (жалған теңгелер де жарайды), жартылай қуыс не жалпақ, селдір медальондардан, күміске орнатылған түрлі тастан құралады. 

Шолпы

Ал шашбау болса, шолпыдан ұзындығымен ерекшеленеді. Ол күміс шынжырлардан немесе жіптен, жібек баудан жасалып, маржан моншақтармен, сәндік әшекей бөлшектерімен безендірілген таспабаулардан тұрады. 

Шолпы шаштың ұшына тағылатын болса, шашбау бұрымның түбіне ілінеді немесе шашпен бірге өріліп, бұрымға сән беріп тұрады. Кейде шашбау қара баудан жасалып, шашты ұзын әрі қалың етіп көрсету үшін қолданылады. 

Шашбау

Шашбаудың да, шолпының да әшекей бұйымнан бөлек, өзіндік ерекше мақсаты болған. Бұларды оқи отырып, қазақтың даналығына еріксіз тәнті боласың. 

  • Қоңыраулы шолпы таққан қыздар қатты күлсе, шолпы сыңғырлап, оқыс қимылдарға тосқауыл болған. 
  • Шолпы арқаны түзу ұстап, сәнді жүруді үйрететін модель мектебінің рөлін атқарған.
  • Шолпының ауыр салмағы басты ауыртпай, емдік қасиетке ие болған.
  • Шолпы, шашбау сыңғыры қыз баланың үйге қарай келе жатқанынан хабар беріп, үлкендер жинақтала бастаған. 
  • Шолпы салмағының әсерінен шаш ұзын боп өскен.
  • Шолпыны да, шашбауды да бұрым тарқатылмай жинақы болып тұру үшін таққан. 

Ұзын шаш қазақ түсінігінде айрықша киелі нәрсе болған. Сондықтан шаш өруге де айрықша дайындықпен келген. Шашқа тағылатын әшекей сыйлағанда бір-біріне "Шашың ұзын, қалың болсын!" деген тілек айтқан. 

Халық арасында шашбауды күнделікті тағатын әшекей бұйымына айналдырған арулар жоқ емес. Солардың бірі – "Айқын" газетінің тілшісі Қаншайым Байдәулет.

Қаншайым Байдәулет

Шашбауды күнделікті өмірінде қолданып, жұмысқа тағып баратын журналист бұл туралы былай дейді:

"Шашбауды төрт-бес жыл бұрын туған күнімде досым сыйлаған болатын. Өзім арнайы сатып алған емеспін. Бірақ дүкендерден көріп, талай рет қызыққаным рас. Бағасы тым қымбат тұратындықтан, қалтам көтермеді. Қазір де ұлттық әшекей бұйымдар сатылатын сөрелерден ең бірінші шашбау қарауға тырысамын. Өкінішке қарай, күміс теңгелерді көтеріп кетуге мүмкіндігім жоқ. Әзірге досым сыйлаған шашбауды қанағат тұтып жүрмін. Оның үстіне, өзіме қатты ұнайды. Ал көрген адамдар таңданыстарын жасырып қала алмайды. Шегін тартып немесе саусақтарын шошайтып көрсетіп жатқанда, өте ыңғайсыз күйге түсемін. Ризашылықтарын білдіріп, бата беретін кісілер де бар". 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет "Қазақтың зергерлік өнері" кітабы мен Қаншайым Байдәулеттің жеке мұрағатынан алынды

Қосылған күні: 22 қаңтар 2014, 15:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.