Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Жіңішке аяқты жасыратын киімдер

Жіңішке аяқты жасыратын киімдер

Жіңішке аяқты жасыратын киімдер

Жіңішке аяқ – мүсін кемшілігі деуге келмес. Бірақ көп қыз осы мәселеге бас қатырып, пішіндерінің ерекшелігін барынша жасыруға тырысады.

Жіңішке аяқты жасыру қиын емес. Киім-кешекті дұрыс таңдаған жағдайда сырт көзге аяқтарды толық етіп көрсетуге болады. Қалай дейсіз ғой?

Көйлектер мен белдемшелер


Жіңішке аяқты қыздарға мини-белдемшелер мен қысқа көйлектер жарасады. Алпысыншы жылдардың сәнін еске түсіріңіз: ол кезеңдерде жеткіншекке ұқсаған әйелдер сұлу болып көрінетін. Сонымен қатар, мини-белдемшені ашық түсті колготкімен үйлестіру де жақсы нәтиже береді.

Қазіргі таңда сән әлемі жіңішке аяқты қыздарға түрлі үлгі ұсынады. Қысқа көйлек немесе туникалармен тыртысып тұратын шалбарлар киюге болады. Сонымен қатар қалың легинсылардың да түр-түрі бар.

Таңдаған аяқ киіміңізге де көп нәрсе байланысты. Жіңішке тобықты ботильонмен жасыруға болады.

Ұзын белдемшелер мен көйлектер жіңішке аяқты жасыратыны айтпаса да түсінікті. Алайда мұндай үлгі күз бен қыс мезгілдерінде ыңғайсыз. Өліара кезеңде тізеге дейінгі белдемше мен ашық түсті шұлық-етікті таңдаған дұрыс.

Шалбарлар мен колготкілер


Әрине, жіңішке аяқты шалбармен жасыру – ең оңайы. Алайда стрейч шалбарлар мен қысқа «сыбызғы» шалбарларды ұмытқан жөн. Мұндай шалбарлар кемшілігіңізді, керісінше, айқындап тұрады.

Жіңішке аяқты қыздардың есінде болсын: шалбар таңдағанда ұзын және кеңірегін таңдаған жөн. Яғни түзу келген үлгілер, клештер, афгани үлгілер және т.б.

Таңдалатын шалбарлардың матасы қатты және түкті (твид, барқыт, жүн) және ашық түсті болғаны ләзім. Колготкілер, легинстердің де ашық түстілерін таңдауға тырысыңыз. Оларды қысқа трикотаж көйлектермен немесе туникалармен кие аласыз.

Жіңішке аяққа қысқа джинсы, шалбар және шортыларды абайлап кию керек. Мұндай үлгілер аяқтың кемшілігін көрсетіп тұрады. Алайда ашық түсті қысқа шалбарларды гардеробтан мүлде алып тастау қажет емес. Егер оны ұзын ашық түсті етікпен үйлестіре білсеңіз, жіңішке аяқты жасыруға болады.

Тағы бір нұсқа – шалбардың балағын ұзын етікке салып кию. Трикотаж ұзын жемпір немесе жылы туникамен кисеңіз пішініңіздің кемшіліктерін жасыра аласыз.

Аяқ киімдер мен гетрлер


Тоқылған гетрлер мен гольфтер сырт көзге аяғыңыздың жуандығын түзеп көрсетеді. Әрине, егер мұндай киімдер бейнеңізге сай келіп тұрса. Гольфтердің көлденең жолақтары бар ашық түстілерін таңдаңыз. Осылайша тізе мен тобық біраз толық көрінеді.

Ұзын етіктер аяқтарды сырт көзге толықша етіп көрсетеді. Аяқ киімнің көлденең бөлшектері болса тіпті жақсы. Барынша ашық түсті үлгілерді таңдаңыз.

Сымбатыңызды жіңішке аяқ құртып тұр десеңіз – қателесесіз. Жарасымды киім таңдасаңыз пішініңіздің кез келген кемшілігін жасыра аласыз.

Сурет: super-lady.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 08 қаңтар 2014, 19:41
Пікірлер
+0
08 қаңтар 2014, 19:55

жіңішке аяқ маған қатты ұнайды. Өзімдікі де жіңіще, сондықтан,Анар әпке, сөзіңіздің соңғы жағына қосыламын! :mrgreen:

+0
08 қаңтар 2014, 22:34

Менің аяқтарым толық (((

+0
09 қаңтар 2014, 00:37

жіңішке аяқтарды проблема қылып, жұрт арықтай алмай журсе(((

+0
09 қаңтар 2014, 00:40

менинде аягым тооолык(((( :(

+0
09 қаңтар 2014, 00:48

Менікі бірақ орташа.стандарт адаммын,фигура бойынша))

+0
21 қаңтар 2014, 18:45

Гетри ұнамай жүр еді, мынау жақсы кеңес екен. Рахмет! ))

+0
05 мамыр 2014, 18:13

Құрбыларым менің аяғымды әдемі әрі ұзын деп мақтау сөздер айтады бірақ маған денемнің жоғарғы бөлігі ұнамайды, үлкен көрінеді, сонда да қатарымнан қалмай қысқаны да ұзынды да киіп жүрмін, биік өкшені ұнатамын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.