Алматы қаласында Қазақстандағы алғаш Prada бутигінің салтанатты ашылу кеші өтті.
Prada – әлемдік атаққа ие италиялық бренд. Prada-ның киімдері, аксессуарлары мен сөмкелері бұрыннан бері сәнқой қыздардың арманына айналды.
Қазақстандық сән әлемінің өкілдерінің барлығы Esentai Mall сауда орталығында Қазақстандағы алғаш Prada бутигінің ашылу кешіне жиналды. Дүкеннің ашылу салтанатына жапондық Vogue журналының креатив директоры, әлемдік сән саласындағы белді тұлғалардың бірі Анна Делло Руссо келді.
"Prada – жоғары сапалы тауар ұсынатын мықты бренд, әлемдік сән институты. Алматылық бутикте брендтің жақсы тауарлары ұсынылған: қазірге қажет күз-қыс топтамасы, аксессуарлар. Өзім сән әлеміне бала кезімнен ғашықпын. Кішкентайымда киім дүкенінде түні бойына қалып қоюды армандаушы едім, қазір арманым орындалған сияқты", – деп өз пікірін білдірді Анна Делло Руссо.
Prada аксессуарлары
Алматылық Prada бутигінде сән үйінің жаңа топтамасы бар
Әр сәнқой қыздың арманы – нағыз Prada сөмкесі
Кеш барысында Prada өкілдері "Аяла" қайырымдылық қорына көмек көрсететінін айтты. Осыған байланысты арнайы бәссауда ұйымдастырылып, онда Prada-ның көктем-күз 2014 топтамасындағы тон бұйымы сатылатын болды. Айта кетсек, қазірде бұл тон бұйымын әлем бойынша ешбір дүкеннен сатып алуға болмайды. Табылған қаражаттың барлығы балаларға арналған ойын ауласын тұрғызуға бағытталады.
Дүкенде Prada сән үйінің соңғы күз-қыс топтамасының киімдері, аксессуарлары сатылымға түсті. Ашылу салтанатын елімізде сән саласында танымал Сәкен Жақсыбаев ұйымдастырған. Қонақтар ретінде қазақстандық fashion-фотографтар, сән туралы журналдардың редакторлоры, сәнге құмар жандар шақырылды.
До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім?
:lol: суйкты фермамго
"Дьявол носит Prada" фильмі есіме түсіп кетті)
кезекті франшиза шығар
кашан барады екенбиз,а((((
Бағалары қаншалықты екен а? барып көру керек екен