Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Ерлерге не ұнамайды?

Ерлерге не ұнамайды?

Ерлерге не ұнамайды?

Кейде қыз-келіншектер жігіттер сәннен хабарсыз, стиль кемшіліктерін байқамайды деп ойлайды. Шын мәнінде, олай емес екен. Зерттеу нәтижесіне сай, ерлер сіздің сырт келбетіңіздің әдемілігін де, кемшілігін де жақсы байқайды.      

Жуырда танымал фешн-сайттардың бірі түрлі жастағы мың жарым ер адам арасында сауалнама жүргізген. Ерлер әйел сәнінің қай «фишкалары» өздерінің көздеріне оғаш көрінетінін анықтаған.    

Ерлердің сынына түскіңіз келмесе, бас тарту қажет стилистикалық тәсілдер тізімі назарларыңызда.

Ерлердің басым бөлігіне угги ұнамайтын болып шықты. Бұл өте ыңғайлы етік болса да, өз азаматыңыздың көзіне бұл аяқ киіммен түспеуге тырысыңыз. Себебі, сауалнамаға қатысқандардың 57 пайызы уггиге қарсылығын білдірген. Ал сатылымға шыққан уггидің жазғы түрі, тесіктері бар етік, ерлердің 85 пайызының жағымсыз әсеріне тап болып отыр.       

Ерлер жүйкесіне тиетін түстер қатарында тым ашық, «қышқылды» түстер мен қызғылт түс бар. Бұл түстерге қарсы ерлердің 70 пайызынан астамы дауыс берген. Сондықтан гардеробыңызда неондық және қызғылт түсті киімдерді азайтуға кеңес береміз.

Дәл осыншама деңгейде тым ашық бояу жеккөрінішті болып анықталды. Сауалнамаға жауап бергендердің 68 пайызы қыз-келіншектердің тым қатты боянғанын ұнатпайтынын, сүйіктілерін табиғи келбетімен көруді қалайтынын жеткізген.

Ер адамдардың пікірінше, қатты боянған әйел «ізденісте жүр», яғни басы бос, іс-әрекеті де соған лайық болуы мүмкін.      

Қыз денесіндегі татуға еркектердің 44 пайызы қарсы болған. 30 пайызы киіммен жабуға болатын уақытша татуды қолдаған. Ал 23 пайызы нақты таңдау жасай алмапты.

Ерлерге ұнамайтын киімдерге тоқталсақ. Таң қалмаңыз, ең көп жағымсыз пікір жинаған денеге жабысып тұратын шалбар (леггинсы) болып шықты. Ол тіпті сауалнамаға қатысқандардың 80 пайызының қарсылығына ие болып отыр. Себебі екеу. Біріншісі – олар аяқтың мүсінін көрсетеді, ал ерлердің пікірінше, екінің бірі әдемі аяқпен мақтана алмайды. Сондықтан, кемшілігін анықтап көрсетудің қажеті жоқ. Екіншісі – әйелдер спорттық бағытта тігілген бұл шалбарды көбіне басқа киіммен үйлестіріп кие алмайды. Нәтижесінде нәзік жанның сұлулығы емес, талғамсыздығы байқалады. Бүгінде танымал «темекі-джинсы» да ерлерді қатты ызаландырады екен. Зерттеуге қатысқандардың 57 пайызы осылай мәлімдеген.

Тар джинсыға сенім болмаса, балағы кең шалбарлар көңілдерінен шығуы тиіс еді. Бірақ, ерлердің 38 пайызы мұндай шалбарды да ұнатпайтын болып шықты.   

Және соңында, балтырға киетін жылы қоныш (гетры): сауалнамаға қатысқандардың 30 пайызы оның қажеттілігін мүлдем түсінбейтінін жеткізген.   

Талғамыңыз биік болсын.

Сурет: love-in-web.blogspot.com

3248 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 16 сәуір 2012, 19:30
Пікірлер
+0
16 сәуір 2012, 19:44

:shock: :shock: :shock:

+0
16 сәуір 2012, 21:31

Мынау қызық болды! Мен ылғи скини джинсыларды киемін... :cry: :cry: Енді кимеймін! Ерлер қыздардан өткен сыншыл деп жатады,рас екен :|

+0
16 сәуір 2012, 23:48

Леггинсы маған да ұнамайды :)

+0
26 сәуір 2012, 23:36

менде ұнатпаймын

+0
30 маусым 2012, 17:51

Леггинсыды туникамен ,немесе тизеден жогары койлектермен киген жон

+0
17 сәуір 2012, 09:27

Хмм! маған ұнаса болды ғой))))))))

+0
17 сәуір 2012, 09:56

Тырысқан шалбар мен қызыл түсті киімдер де, Уги де маған ұнамайды! Не боп кетті өзі!? ;)

+0
17 сәуір 2012, 16:09

жане де омырауы ашык топтар мен оте биик каблук киген кыздар да унамайды жигиттерге :|

+0
21 сәуір 2012, 23:09

Омырау ашканына карсымын,ал кыздарга каблук кию керек,потому что бизде казактарда бойымыз кыска,ал каблук кисен ари адеми боп,ари тузу журуге уйренесин

+0
18 сәуір 2012, 16:51

"Татуы" несі осылардың?!

+0
18 сәуір 2012, 23:55

тату бул денеге салынғн сурет! кей адамдар суйгенінін атын жазып кояды!

+0
19 сәуір 2012, 02:00

баримен келисуге болады.. не дегенмен анықталған нарсегоиии))))

+0
26 сәуір 2012, 23:37

сонда не киеміз???? анау ұнамайды, мынау ұнамайды дейді...

+0
27 сәуір 2012, 00:20

Талғамға талас жоқ.

+0
04 мамыр 2012, 23:08

угги маганда унамайды, :P

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...