Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Қысқы сән: "Мамықтан жасалған сырт киімдер"

Қысқы сән: "Мамықтан жасалған сырт киімдер"

Қысқы сән:

Терезенің алдында жатқан мамық қар мен ауа температурасының төмен түскенін байқап, жылы үйде қалғанды жөн көретін адамдар бар. Олар аппақ қарда таза ауамен демалудың орнына көрпешеге оранып, шәй ішкенді жөн көреді. Таңдауларын логикаға салып, дұрыс деп айтуға болады. Алайда суық ауа райында серуендеуге арналған жылы да жеңіл киімдер бар. Сол киімдерді дұрыс таңдай отырып күнделікті тіршілікті жалғастыруға болады.   

Олар – жылы пальто, аң терісінен тігілген тон, иленген тері тон, мамықтан жасалған сырт киім болуы мүмкін. Пальто - кербездік пен биязылықтың белгісі. Ал мамықтан жасалған сырт киімдер спорт стиліне жақын. Бүгін дәл осы сырт киімді жарасымды етіп киюге көмектесетін бірнеше тәсілдерді ұсынамыз.


Қара түстің орнын күлгін, көк, қоңыр, қоңыр қызыл, қанық қызыл секілді ерекше түстермен алмастырып көріңіз. Мақтадан тігілген сырт киімдердің ешқандай суреттерсіз, біртекті болғаны жөн.

Неон түсті әрі жалтырауық келетін сырт киімдерді қаланың сыртына шыққанда, ауылға демалуға барғанда немесе таулы аймаққа спортпен шұғылдануға барғанда киеді.

Бұл жолы артық қалтары мен түймелері жоқ, қынама белдісін таңдауға кеңес береміз. Әдетте қалың тігістер мен түрлі-түсті суреттері жасанды көрінеді.

Капюшоны бар сырт киімдердің жағасына аң терісі жиектеліп тігілгенін таңдасаңыз, аз да болсын қыз баласына тән нәзіктікке ие боласыз. Ал желді ауа райында оның тағы бір ерекшелігін байқауға болады.


Ұзындығы белден төмен, тізеден жоғары болғаны дұрыс. Бұндай сырт киім көрік беріп, өкшесіз аяқ киімдермен жараса кетеді. Ал ұзындығы тізеден төмендерін өкшелі аяқ киіммен киіңіз.

Оларды шалбарлармен, колготкілермен аяққа тізеден жоғары тұратын етік киіп киюге болады. Үстіңізге ұзын жемпір немесе көйлек киіңіз. Ал джинс кигіңіз келсе, артық суреттері жоқ, қара көк түстісін таңдаңыз.

Стилист мамандарының айтуынша, снуд (екі ұшы біріктіріліп тігілген шарф түрі) шарфтарын немесе ұштары барынша жинақы тұратын түрлерін киген жөн.

Ал бас киімдердің спорт стилінен алшақ әрі суреттері жоғын таңдауға тырысыңыз. Қалың жүн жіптерден тоқылған бас киімдер жарасымды көрінеді. Бұл бас киімдер бас пішінін де өзгерту қасиеті бар.

Ешқандай да жалтыры жоқ, қоңыр қызыл, шоколад, қара секілді қанық түсті етіктерді таңдаңыз. Жұмсақ теріден немесе былғары теріден тігілгендері дұрыс.  

Қоларыңызды жылытып, биязылық сыйлайтын қолғаптар образды толықтырып, ерекше сұлулық сыйлайды.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: shubu.com.ua.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 05 желтоқсан 2013, 10:02
Пікірлер
+0
05 желтоқсан 2013, 11:00

алған курткам ұнамай жүр, пальто аламын-ау)

+0
08 желтоқсан 2013, 21:36

мен былтырғы курткамды киіп жүрмін :cry:

+0
09 желтоқсан 2013, 16:53

куртка жеңіл рахат қой. Пальто ауырлау ма солай сияқты. Оны киген соң сызылып жүру керек деген бар сосын

+0
11 желтоқсан 2013, 14:44

Біз жақта пальтоны көктем мен күзде ғана киеді)))

+0
05 мамыр 2014, 18:31

Осы жылы ғана сатып алғам осындай сырт киімді, өте жылы, ыңғайлы, әрі жеңіл

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.