Көбелектен жасалған көйлектер

Көбелектен жасалған көйлектер

Қытайлық Каролина Чен (Caroline Cheng) есімді дизайнердің көйлектері мәрмәр көбелектерден жасалған. Атақты дизайнердің «Prosperity» деп аталатын топтамасы нәзіктігі мен бірегейлі ұштасып келіп көздің жауын алады. Бір қарағанда көйлектің салмағы ауыр болып көрінгенмен, керісінше киген кезде жеңілдік сыйлайды.

Дизайнер бірегей туындысы арқылы Қытай мәдениетінің жан-жақтылығын көрсетуге тырысқан. Каролина Чен сырт көзге бірдей болып көрінетін көбелектердің әрқайсысын өз қолымен жасаған. Әр көйлекте 20 000 көбелек барын ескерсек, дизайнердің қанша уақыт жұмсағанын білуімізге болады.

Каролина Чен (Caroline Cheng) ұсынған көйлектер:

Каролина Чен бірінші кезекте Қытай халқының мәдениетінің байлығын, бірегейлігін, қызықтыра білетіндігін, өзгелерге еш ұқсамайтындығын көрсеткісі келгендігін айтады. Көбелектердің түрлі екендігіне қарамастан бірдей болып көрінетіндігі қытай халқының бет-әлпетіне сай келеді. Өзге елден келген адам оларды бір-бірінен ажырата алмауы да мүмкін. Алайда олардың әрқайсысына мән беру арқылы, әр адамның өз алдына қайталанбас тұлға екендігін байқауға болады.

Мұнымен қатар, топтаманың атауы да кездейсоқ таңдалмаған. Қытай тілінде «киім» мен «гүлдену» сөздері “fu” деп бірдей дыбысталады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: favim.ru

Қ. Бүйенбай