Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Тор принтінің түрлерін ажырата білейік

Тор принтінің түрлерін ажырата білейік

Тор принтінің түрлерін ажырата білейік

Осы маусымның басты трендтерінің бірі тор принті екенін айтқан болатынбыз. Тор суреті жалпы бұрыннан бері бірнеше онжылдық бойы сәннен шықпаған, бейнені бірден жандандыра алатын ерекше тренд. Дизайнерлер маусым сайын тор принтінің түрліше қолданысын ұсынып, оны сәннен алыстатпай отыр.

Торлы принттің сан алуандығы таң қалдырады. Үлкен, майда, түрлі түсті, бір түсті, жарқын не байқалмайтын... Шотланд торы, ағылшын торы, "қаз ізі"... Тор принтінің сан түрлерін ажыратуды үйренейік.

Ағылшын торы

Қалың маталарға салынатын күңгірт түсті торлы сурет көпшілікке дәстүрлі ағылшын торы атымен таныс. Бұндай принтті классикалық стильдегі киімнен (пиджак, шалбар, пальто) байқауға болады. Түстер арасында күңгірт сұр, қоңыр, қара-қызыл, жасыл кездеседі. Ағылшын торының жақсы мысалы қара, қоңыр, сарғылт-қоңыр, қызыл түстерінде орындалған Burberry брендінің дәстүрлі суреті бола алады. 

Виши

1850 жылы Виши француз қалашығында пайда болған майда торлы сурет. Торда қолданылатын екі түстің біреуі дәстүр бойынша ақ болады. Әубаста төсек-орын, орамал мен дастарқан үшін қолданылған принт қазірде сән әлемінде жиі кездеседі.

Гленчек

"Қаз ізі", "пепита" деп аталатын майда торлы суретті маталардың ортақ атауы. Бұл торлы принттердің торларының пішіндері өзгертілген келеді.

Қаз ізі

Ақ-қара түсті қаздың ізіне ұқсайтын торлы өрнек сәнге Коко Шанель кезінде, XX ғасырдың 20-40-жылдары енген. Осындай принтті костюм не пальто әрқашан классика саналатын, қазірде де дәстүрлі болып кеткен сурет актуалдылығын жоғалтпады.

Пепита

Үлкен танымалдылыққа ие тордың бұл түрі Испаниядан бастау алған. Бұл принттің торының пішіні сәл өзгертілген болады, дәстүрлі түрі ақ-қара түстерде орындалған, сондықтан оны көп жағдайда "қаз ізімен" шатастырады. Алайда түрлі түстер қосылған түрлері де кездеседі.

Мадрас

Индиядағы Мадрас өндірістік қаланың құрметіне аталған тор түрі түрлі түстерде орындалып, торлары үлкен болады.

Оксфорд

Принтінің түсі негізгі түске сай келетін, жұқа маталарда орындалатын жолақтардың қиылысы нәтижесінде тор пайда болатын сурет. 

 Уэльс ханзадасы 

Сұр түсті матада салынатын майда торлы сурет. Жіңішке сұр, көгілдір түстерінің қиылысы майда, әрең байқалатын торларды қалыптастырады. Принттің атауы осындай матадан киілген киімді жиі киген Уэльс ханзадасының атымен аталған.

Тартан

Қалың, қатты жүн матасында салынатын торлы сурет. Тор түрлі түсті жолақтар қиылысы нәтижесінде пайда болады.

Шотланд торы

Жалпы үлкен көлемді торлы суреттердің ортақ атауы. Дәстүрлі шотланд торы қызыл фонда, жасыл, қоңыр түсті жолақты болады.

Торлы сурет қашанда сәнде қала береді, сол себепті бірнеше дәстүрлі тор принтті гардероб бұйымдары сізге әрқашанда қажет болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: wmj.ru

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 28 қараша 2013, 09:21
Пікірлер
+0
28 қараша 2013, 09:27

Виши ұнайды :D

+0
28 қараша 2013, 10:21

Көбiне «Мадрас» киедi екем ғой ) Түрлерiне қарай аттары болатынын ендi бiлiп жүретiн болам )

+0
28 қараша 2013, 12:01

Мынау нағыз жақсы ақпарат екен, мен ажырата білмейді екем ұят

+0
28 қараша 2013, 12:45

Қаз ізін алғаш рет біліп тұрмын...

+0
28 қараша 2013, 14:36

Мата сататындар мұндайды судыратып тұратын шығар)

+0
28 қараша 2013, 14:43

Кішкентай кезімдегі бір көйлегімнің пепитадан екенін енді білдім

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.