Жігіттерге арналған қысқы киім топтамасы

Жігіттерге арналған қысқы киім топтамасы

Дизайнерлер үстіндегі киіміне мән беретін ер адамдарды ерекше бағалайды. Бұндай жігіттер қазіргі қоғамда сирек кездеседі. Бір тобы жігіттерге не кисе де жарасады десе, екіншілері мүлдем керісінше пікірде. Сәнқой жігіттерге осы маусымда сәнге айналатын киімдер топтамасын ұсынамыз.

Матасы






Dries Van Noten

 

Бір қарағанда көздің жауын алып, денеге жылылық сыйлайтын табиғи жүн, мақпал, түкті маталар, ши барқыттан тігілген костюмдер, пүліш пен күдерінің  барлық түрлерінен тігілген киімдер осы маусымның басты жаңалығы. Қыстың қаһарлы аязында жанға да денеге де жылылық сыйлайтын бұл маталардың көмегімен жылынуға болады. Мұнымен қатар, арасында тор костюмдер де бар.  

Көңіл-күй





Trussardi

 

Тарих сахынасынан біржола кетпейтін немесе үнемі қайтып оралып отыратын ретро тақырыбы. Бұл жолы киімді тігуші дизайнерлер 40-50 жылдарға бірақ шегінген: қысқартылған шалбарлар, белі тарылтылған костюмдер, қалпақтар мен тақиялар, иық баулар және шұлықтар. Осы киімдердің арқасында жігіттер балалық шақтарына оралып, бұзық кейіпкердің образына ене алады.

Түс






Prada

 

Бұл жолы киімдерді тігу үшін солғын түстер пайдаланылды. Олар: ақшыл көк, күрең-қызыл, көкшіл сұр, сарғыш жасыл. Дизайнерлер үш түсті араластырып киетін жігіттерге бастан-аяқ бір түсті киімдерді киюге кеңес береді.  

Үйлесімділік






Dolce & Gabbana

 

Үйлесімділік толықтай бұрмаланған. Сол себепті орташа ұзындықтағы киімдер биылғы сәнге кірмейді. Қандай киімнің түрі болмасын ұзын немесе тым қысқа болуы тиіс. Мысалы, қысқа күртешелер мен ұзын шалбарлар бір-бірімен жақсы үйлеседі.
Бұнда әрбір сантиметр маңызды. Пальто тізеден төмен, ал шалбар тобықтың үстінен болуы тиіс.

Тоқылған киім






Comme des Garcons

 

Тоқылған киімдерді қыс мезгілінде киген дұрыс. Оларды күзде кигенді жақсы көретін адамдар да бар. Бұл жолы дизайнерлеріміз осыны ескеріп, жағасы кең келетін қалың жемпірлер тоқыған. Олар жылы әрі барынша қолайлы.

Аяқ киім






3.1 Philip Lim

 

Қыс мезгілінде классикалық аяқ киімдер сәнде. Олар: перфорацияланған, басы үшкір, бауы бар етіктер.

Аксессуарлар





Neil Barret

 

Басты аксессуар, әрине, сөмкелер. Бұрын қыздар ғана ұстайтын сөмкелердің ұлдарға арналған түрлері де бар. Олар көбіне қолға ұстайтын немесе арқаға асып жүруге арналған. Асып жүруге арналған сөмкелер спорттық үлгіде емес, былғарыдан классикалық үлгіде тігілген. Ал бас киім ретінде қалпақтарды, төбесінде шошағы бар тақияларды пайдалануға болады. Және ер адамдарға жараса кететін иық баулар бар. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: bigmir.net

Қ. Бүйенбай