Қысқы тренд: үлкен шарф

Қысқы тренд: үлкен шарф

Үлкен әрі жылы шарф – қыстың суығында жайлылық пен жылулық беретін сәнді де қажет аксессуар. Сән мен ыңғайды бірдей қажетсінетін қыздар қуана берсе болады: мұндай шарфтар қазірде ерекше сәнді тренд саналады.

Мойынды орау, басқа тағу, иыққа жамылу... Үлкен шарфтың киілуінің көптеген жолдары бар. Көлемі жағынан үлкен болғандықтан, бұл аксессуар бейнеңіздегі байқалмайтын ұсақ бөлшек емес, басты ерекше бөлігі болады. Текстура, мата, түстермен тәжірибе жасап, бейнеңізге ешкімге ұқсамайтын ерекшелік, өзіндік бір талғам бере аласыз.

Ал біз сізге осы маусымда сәнді саналатын, сәнқой қыздардың иықтарынан жиі байқалып жүрген шарфтарды ұсынамыз.

Жалпы мұндай үлкен, бірнеше қабатқа оралған шарф байқалмай қалмайды, сол себепті ол бейнеңізді ерекше көрсете алатындығына таңғалмаңыз.

Жылы үлкен орамал классикалық стильден бастап, гранж, casual стильдеріне дейінгі бейнелермен жараса алады. Айта кетсек, тіпті бір түрлі шарфты бір-біріне кереғар бірнеше стильмен үйлестіруге болады.

Маусымның ең сәнді сыртқы киімі саналатын үлкен, кең пішілген пальто да үлкен шарфпен мінсіз жарасады.

Сәнді болу үшін, күнде киім ауыстырудың қажеті жоқ, осындай орамалдың бір-екеуі бейнелеріңізді түрлендіріп, ерекше көрсетеді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: cosmo.com.ua

С. А