Chanel-дің жаңа аксессуарлар топтамасы

Chanel-дің жаңа аксессуарлар топтамасы

Әлемге танымал Chanel француз сән үйі көктем-жаз 2014 маусымының аксессуарлар топтамасын көпшілікке таныстырды. 

Сән астанасы Парижде өтіп жатқан сән апталығы аясында Chanel сән үйінің аксессуарлар топтамасы көпшіліктің көңілінен шықты. Chanel сән үйінің креативті дизайнері Карл Лагерфельд заманауи өнер туындыларынан шабыттанып, аксессуарларды "графитти" стиліне сай бояды. Топтамада жылтыр сөмкелер де орын алды. Кутурье Chanel сән үйінің дәстүрлі сөмке мен әшекей бұйымдарына осылайша жаңашылдық еңгізді. Бұл сән үйге сай, дәстүр болып кеткен маржан тастар да топтамада өз орнын сақтап қалды.


Дәл осындай аксессуарлар келер жылдың көктем-жазында үлкен танымалдыққа ие болары сөзсіз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: fashionthisyear.com

С. А