Сәнді тренд: тор жейде

Сәнді тренд: тор жейде

Өткен ғасырда ғана тор жейде жұмысшылар униформасы саналатын. Алайда соңғы жылдары торлы жейде қарапайым күнделікті гардероб бұйымына айналып, сәнді саналатын болды. 

Расымен, тор – қазір киімде кездесетін ең стильді суреттердің бірі. Торлы принт сөмке, белдемше, шалбар, пальто, жейде сынды гардеробтың кез келген бұйымына жарасады.

Осы маусымда да дизайнерлер торлы жейделерді бір ауыздан сәнді деп қабылдады. Қазір дүкендер сөрелерінен жарқын түсті, түрлі матадан тігілген, жұп-жұқа мөлдір не қалың қыстық түрлерін таба аласыз. Оларды белдемшелермен, джинсы не бір түсті шалбармен үйлестіруге болады. Осы қыста торлы принт тым көп бола алмайды.

С. А