Қыздарға ұнайтын ерлер иіссуы

Қыздарға ұнайтын ерлер иіссуы

Нәзік жандылар қауымына ерлер иіссуы ұнайды және бұл факт. Оның себебі әлі күнге дейін құпия болып келеді, алайда, дұрыс таңдалған иіссудың қыз баласының алдында нағыз еркектің, ханзаданың, хас батырдың бейнесін жасай алатындығы айдан анық. Арулардың көңілінен шығатын иіссу әр түрлі болуы мүмкін – ұзаққа сақталатын немесе сақталмайтын, өткір, тәтті, танымал, аса белгілі емес т.б. Әрине, оның бағасы маңызды емес, бастысы адамға сай келіп тұрғаны деп айтар едік.

Таяуда белгілі журналдардың бірі қыздар қауымының арасында сауалнама жүргізіледі. Олар "Сізге ерлердің қандай иіссуы ұнайды?" деген сауалға жауап берген.  

Нәтиже бойынша төмендегі бестік ұсынылады:

Lacoste Essential pour Homme. Жеңіл әрі жағымды, балғын иіс. Жыл маусымдарына қарамастан қолдана беруге болады.

Calvin Klein Eternity for Men. Адамды тартатын қасиеті бар. Күндіз де, түнде де ұялмастан себуге арналған. Иіс өткір "мінезді" болғандықтан, кез келген жігітке сай келе бермейді. Егер, сыйлыққа алатын болсаңыз, сынамасын ғана алған дұрыс.

Calvin Klein Obsession for Men. Бұл иіссу әйелдердің барлығын ұнайды деуге болады. Оның сыры – салмақтылығында. Кеңсе үшін де, романтикалық кездесулер үшін де жарайды.

Ralph Lauren Polo. Классикалық иістердің қатарына жатқызылады. Бірнеше он жылдық бойы сәннен түспей келеді. Өте сезімтал келетін иіс назарды аудармасқа қоймайды.

Cartier Declaration. Таңдаулы әрі әмбебап иіс. Нағыз еркек иісі дей аламыз.

Иіссуды қалай қолдануға болады?

Иіссуды сепкенде флаконды денеден 6-10 сантиметр алшақтықта ұстаңыз. Шомылудың қажеті жоқ, тым көп мөлшерде себілгенде ең таңдаулы деген иістің өзі бұзыла шығуы мүмкін. Иіссуды кеудеге қарай бағыттаңыз, одан төмен түсіруге болмайды. Білекке себудің қажеті жоқ, бұл әйелдердің артықшылығы. Киімге – жейдеге және жаға аймағына бүркіген жөн. Қыс мезгілінде беторамалға немесе шәліге жағуға кеңес беріледі.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: sunny7.ua