Күн суықта белдемшені қалай киемін?

Күн суықта белдемшені қалай киемін?

Жылдың суық кезеңінде, күз-қыс маусымында қысқа белдемшелерге жол жоқ па? Сәнқой қыздарды ешқандай аяз тоқтата алмайды!

Суық күндері белдемше киіп, тоңып қалып, ауруға шалдығамын деп ойлайсыз ба? Егер сіз суық кезеңге арнайы қалың мата түрлерінен тігілген белдемшелер алып, оны қалың колготкілермен кисеңіз, жылуы бойынша ол шалбардан да артып түсе алады. Ал біз сізге белдемшенің күртеше, етіктермен үйлесімі жайлы бірнеше кеңес берейік.

Суық кезеңге арналған белдемшеңіз қалың матадан тігілуі шарт. Қалың матаның өзі бейнеге текстура, көлем беріп тұрады. Бейнені сәнді аяқтау үшін, белдемшені қалың жемпірмен, қалың пальтомен үйлестірсеңіз болады. 

Суреті бар белдемшені бір түсті "үстімен" киген дұрыс. Сыртынан қазір трендтегі парка күртешесін кисеңіз, көшеде қанша жүрсеңіз де, тоңбайсыз. Құрғақ күндері аяққа шұлықпен лофер аяқ киімін киюге болады. Бұл да жоғары талғамыңызды көрсетеді.

Белдемше бейнелерінде бірнеше принтті де үйлестіруге әбден болады. Бірақ артық кетіп қалмау маңызды. Бастысы суреті тым түрлі заттардың түстері бәсең, күңгірт болсын. Мұндай түрлі бейнеге аяқ киім мен күртеше, сөмкенің қара түсті түрлерін таңдаған жөн.

Былғары белдемше – ерекше атап өту керек тренд. Оған суреті бар ашық жемпір мен кең пальто жарасады. Ал өкшелі аяқ киім бейнеңізге сәнді нүкте қояды.

Классикалық қара белдемше мен ашық түсті жейденің үйлесімі – сәннен шықпайтын тренд. Бұл үйреншікті бейнеге түсті сөмке, ерекше аксессуар таңдаңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: refinery29.com

С. А