Жаңа тренд: шашағы бар сөмке

Жаңа тренд: шашағы бар сөмке

Қазіргі кезде сән әлемінде "трендтегі" заттар тез ауысып кететін болды. Соңғы уақытта үлкен танымалдық жинаған келесі трендпен таныс болыңыздар.

Шашағы бар сөмке қазірде сәнқой қыздардың жеке блогтарында, инстаграмдарында, сәнді дизайнерлер көрсетілімдерінде жиілеп кетті. Бұл сөмкені әсемдейтін кішкене ғана элемент бейнеңізді бірден нәзік, ойнақы ете алады.

Сән "заңдары" бойынша шашақ кез келген сөмке түріне жараса алады. Ұстамды классикалық пішінді сөмке де, casual стиліндегі сөмке де мұндай бөлшек арқасында жаңарып, түрліше көрінеді.

Әрине қазір жылдың суық кезеңі болғандықтан, күңгірт, ұстамды түстер таңдаған жөн.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: Thinkstock

С. А